Ғылыми-практикалық семинар

2024 жылдың 22 сәуір  күні Ж. А. Тәшенев атындағы  университетінде «IT, экономика және құқық» факультеті «Экономика және құқық» кафедрасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің құқықтық және экономикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Феткулов Аликжан Халеловичпен кездесу ұйымдастырылды.
Ол «Тау немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемалар» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Кәсіптік бағдар жұмысы

2024 жылдың 22 сәуір күні «Экономика және құқық» кафедрасының з.ғ.к., аға оқытушы З.Ч. Тултабаев, магистр оқытушы Н.Улугбеков және «Ақпараттық коммуникациялар технологиялар» кафедрасының магистр, оқытушы - Садуақас А., Кеңсай, Ақтас, Борлысай, Қ.Сәтбаев, Ақтау ауданындағы ЖББМ КММ мектептеріне 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдарын «Мамандығым-менің болашағым» атты мамандық таңдау кәсіптік бағдар жұмысын атқарып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Гуманитарлық көмек жеткізілді

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге Шымкент қаласындағы Жұмабек Ташенов атындағы университеті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент университеті, Орта Азия инновациялық университеті, Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеттерінен 5 жүк көлігімен гуманитарлық көмек әкеліп табыстаған университет қызметкерлерімен М.Өтемісов ат. БҚУ Басқарма төрағасы-ректор Нұрлан Серғалиев арнайы кездесті.

Республикалық ғылыми-практикалық конференция

«Жастар және ғылым - 2024» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясына белсене қатысып, мақала баяндауда, I-орын алғаны үшін Фи-22-2р тобының студенті Миркамалова Хасият (ғылыми жетекшісі: ф.ғк., аға оқытушы Ботабаева Ж.Н.)
II-орын алғаны үшін Фи-20-9к тобының студенті Байманова Айша (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы Айтжанова С.Е)
II-орын алғаны үшін Фи-21-9k1 тобының студенті Аширбай Ақерке (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., оқытушы Назар Д.Б.)

«MISS TASHENEV» қыз сыны байқауы

Құрметті әріптестер, білім алушылар!

Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университеті, «Бастауыш білім және өнер» факультетінің ұйымдастыруымен 25 сәуір күні қалалық орталығының Жастар концерт ресурстық залында факультетаоалық «MISS TASHENEV» қыз сыны байқауының өтетінін хабарлаймыз.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 

Жұмыс берушілермен кездесу

6В04103 – «Экономика», 6В04101 – «Есеп және аудит» , 6В04102- «Қаржы», 6В04104 – «IT-менеджмент» және 7М04103– «Экономика» магистратураның БББ жаңарту бойынша жұмыс берушілермен кездесу, дуальды оқытудың, студенттердің өндірістік және диплом алды практикадан өту

Ғылыми-тәжірибелік конференция

2024 жылдың  17 сәуірінде Ж. А.Тәшенев атындағы университеттің  ұйымдастыруымен "Жастар және ғылым-2024" жас ғалымдар мен студенттер арасындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Филология факультеті "Тілдер және әдебиет" секциясы өз жұмысын  нәтижелі аяқтады. Білім алушылардың алғашқы баяндамасы  ФИ22-1к тобының студентті Қалназар Перизаттың "Қожа Ахмет Яссауйдың ақындық  әлемі" тақырыбындағы мазмұнды баяндамасынан басталып, көптеген өзекті мәселелер талқыланды.

Бос орындар жәрмеңкесі

Жұмыс берушілерді 2024 ж. түлектерге арналған Бос орындар жәрмеңкесіне
 ШАҚЫРУ!

    Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университет жұмыс берушілерді 2024ж. түлектерге арналған Бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.  Іс-шарада Сіз өз мекемеңізді таныстыра аласыз, білікті мамандарды таңдап, сұхбат жүргізе аласыз және университеттің «Мансап және жұмысқа орналастыру орталығымен» одан әрі ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыра аласыз.

Оқиға категориялары