Қайырымдылық керуен
- 1 view
Құрметті әріптестер!
Халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағы осындай сын сағаттарда көрініс береді. Тас түскен жеріне ауыр. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы ағайынға қол ұшын созу – азаматтық парыз! Себебі, жұмыла көтерген жүк жеңіл болады! Мемлекет тарапынан да тиісті шаралар қабылданып, Президент тапсырмасымен нақты істер атқарылуда. Дегенмен, біз де осындай қиын шақта қолұшын созып, көмек көрсетуді Ұстаздық борышымыз деп білеміз.
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет ұжымының бастамасымен ЖОО орындары бірлесе отырып, су тасқынынан зардап шеккен аймаққа Гуманитарлық көмек керуенін жөнелтуде.
Университет ұжымы Ғылыми кеңес шешімімен (№11 хаттама, 11.04.2024 жыл) төтенше жағдай орын алған аймақтарға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды. Бүгін университет ауласынан өңірлерге арнайы тізім бойынша сатып алынған көрпе-төсек, киім-кешек, құтқару жұмыстарына керек-жарақ және тұрғындардың ас-ауқатына да қажетті өнімдер: макарон, ұн, май, күріш, су және гигиеналық заттар тиелген жүк көлігі - Қайырымдылық керуені жолға шықты.
Қайрымы мол істің басы-қасында жүрген университет басшылығына, оқытушы-профессорлар құрамына алғысымыз шексіз!
Біз біргеміз! Біздің күшіміз – бірлікте!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет