Құрметті ұстаздар, білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді дүниежүзілік мұғалімдер күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мұғалім – мәртебелі мамандық иесі. Адамзат қоғамдастығының зиялы шоғырын қалыптастырып, тәрбие, білім және ғылым биігіне бастайтын ұстаздар қоғамның ең алдыңғы қатарлы өкілдері болып табылатыны ақиқат.

Жаңаша бағыт түсіндірілді

Жұмабек Тәшенев университетінің "Алтын Орда" ғимаратында филология факультетінің бірінші курс студенттері университет ректоры Қанат Сейітжанұлы Байболовпен өткен сұхбат кездесуіне қатысты. Жиынға университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Парида Тұрғынбайқызы Байнеева, оқу орнымыздың тіркеу және студенттік кеңсе бөлімінің басшысы А.Жүнісова қатысты.

Tashenev university студенттері тазалық эстафетасын жариялады

Қоршаған ортамен үйлесімді тірлік кешу – әрбір саналы азаматтың борышы. Экологиялық қауіпсіздік мәселесі – мемлекеттік басымдығы бар стратегиялық міндет. Білімге қадам басқан әрбір азамат айналасының таза болуына қам жасап, қоршаған ортаны ұқыпты ұстауға дағдыланады. Экологиялық сана жүйесін қалыптастыру арқылы қоғам өзін-өзі тәрбиелеуге мән беріп, табиғатты аялауға, туған жердің қадірін арттыруға кешенді көзқарас қалыптастырады.

Ардагерлер кеңесінің құрамы жасақталды

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі Ғылыми кеңесінің шешіміне орай, 2023 жылдың 5 қазанында университеттің Ардагерлер кеңесінің құрамы жасақталды. Саны 13 кісіден тұратын Ардагерлер кеңесі құрамының «5 қазан- Ұстаздар күні» мерекесімен тұспа-тұс келуін кеңес құрамындағы ардагер-ұстаздар жақсылыққа балады.

Университет жайлы мазмұнды сұхбат өрбіді

«Han TV» телеарнасының «Бізде қонақта» арнайы телебағдарламасына Жұмабек Тәшенев университетінің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын студия қонағы ретінде қатысып, университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі, стратегиялық мақсат-міндеті жөнінде кең көлемде сұхбат берді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары сәтті жүзеге асып жатыр

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің стратегиялық даму бағыттарының бірі. Қазіргі таңда университет сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруда.

Шығармашылық шеберліктің шыңын көрсеткен ашық сабақ

Жұмабек Тәшенев университетінің бастауыш білім және өнер факультетінде осы факультеттің доценті Бөрі Исаның шеберлік дәрісі форматындағы ашық сабағы болып өтті. Тағылымы мол, тәрбиелік мазмұны ерек дәрісте белгілі композитор, музыкатанушы Бөрі Иса өзінің хор мен оркестрге арнап жазған «Армысың ХХІ ғасыр» ораториясының «Желтоқсан» бөлімін студенттермен жеке-дара партия ретінде жұмыс жасады. Дәріс хор, домбырашылар ансамбілінің бірігіп орындаған шығармашылығымен қорытындыланды. 

Мерей жас атаулы күнге орайластырылды

Биыл Жұмабек Тәшенев университетінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Жоғары оқу орнының мерейлі белесіне орай бүгін педагогика және жаратылыстану ғылымдары факультеті «Математика және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен университетімізге еңбегі сіңген ардагер оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тіллә Досыбекқызы Бердалиеваның 70 жылдық мерейтойына арналған «Педагог ғалым, ұлағатты ұстаз» ғылыми-педагогикалық семинары болып өтті.

Оқытушыларына алғыс білдірді

Ұстаз әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» тұлғасы қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық.

Университетішілік маңызды мәселелер қаралды

Tashenev University педагогика және жаратылыстану факультетінде арнайы мәжіліс өтті. Жұмыс жиыны университеттің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсынның төрағалығымен өтіп, онда білім, тәрбие жұмыстарына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Оқиға категориялары