Ғылыми-практикалық семинар
- 1 view
2024 жылдың 22 сәуір күні Ж. А. Тәшенев атындағы университетінде «IT, экономика және құқық» факультеті «Экономика және құқық» кафедрасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің құқықтық және экономикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Феткулов Аликжан Халеловичпен кездесу ұйымдастырылды.
Ол «Тау немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемалар» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.
Семинардың өткізу мақсаты ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі Ғылым комитетінің қаржылық қолдауымен жобаны орындау шеңберінде болып табылады (ИРН АР 19675171).
Семинарға университеттің барлық білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен белсенді студенттері қатысты.
Семинар жұмысында ҚР ҚК 277-бабы бойынша жауапкершілікті көздейтін қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері қаралды. Қылмыстың аралас құрамдарын ажырату критерийлеріне ерекше назар аударылды, атап айтқанда, тау немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына (ҚР ҚК 277-бабы) және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына (ҚР ҚК 156-бабы) салыстырмалы талдау жүргізілді. Құқықтық талдау жүргізілді және осы қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының белгілері, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамына бірлескен гранттық жобаларға қатысуды ұсынды. Жалпы аталған ғылыми-практикалық семинар профессор-оқытушылар құрамы мен университеттің ғылыми жастар арасында үлкен ғылыми қызығушылық тудырды.
Біз Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің з.ғ.к., доцент Аликжан Халелович Феткулов мырзаға алғыс білдіреміз!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет