"Нұр Отан" партиясының штаб мүшелері студенттерге саяси науқанның саяси маңыздылығын кеңінен түсіндірді
Бүгін университетімізге "Нұр Отан" партиясының штаб мүшелері келіп маусым айының тоғызы күні өткелі отырған еліміздің басты саяси науқанының саяси маңыздылығы мен мәселелерін студенттерге кеңінен түсіндірді.
Университетіміздің мамандықтары ұлттық рейтингтің үздіктері қатарында!
НААР Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2019 жылы мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша
Университетіміздің мамандықтары ұлттық рейтингтің үздіктері қатарында!
НААР Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2019 жылы мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша ҚР ЖОО-ның талап етуінің ұлттық рейтингі жарияланды.
Осы Рейтингте Университетіміздің 2 мамандығы: 5В012500 "Химия-Биология" мамандығы 2-ші орынды, ал 5В012900 "География-Тарих" мамандығы 3-ші орынды иеленді.
Университетімізде сайлауалды түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Мамыр айының 14-жұлдызында университетіміздің сайлауалды түсіндірме жұмыстарына байланысты өткізілген жиында оқу орнының ұстаздары "Nur Otan" партиясының атынан ұсынылған кандидатты алдағы 9 маусым күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына лайықты үміткер деп санайды. Сонымен қатар, университет ұжымы халықты сайлау науқанына белсенді түрде атсалысуға шақырды. Өйткені дұрыс әрі лайықты таңдау жасау мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болады.
ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Мамырдың 3-жұлдызында университетімізде "Өнер" факультетінің ұйымдастыруымен "7 мамыр – Отан қорғаушылар күні" мен "9 мамыр – Жеңіс күні" мерекесіне орай мерекелік кеш өтті.
Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік шара Ұлы Отан соғысының батырлары М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Т.Бигелдинов, Х.Доспанова, Б.Момышұлы т.б. жеңіске ұмтылған ерліктерін бейнебаян арқылы көрсетуден басталды.
"Екі жұлдыз – 2019" ән байқауында үздік өнер көрсеткені үшін ІІІ орын
"Өнер" факультеті "Музыкалық білім" мамандығының 1-курс студенттері Мамадияр Мұстафали мен Мамадияр Шерхан ән арқылы жас талант иелерін анықтап, сахна мәдениетіне тәрбиелеу және патриоттық әндерді жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған Жетісай аудандық "Екі жұлдыз – 2019" ән байқауында үздік өнер көрсеткені үшін ІІІ орын иегері атанды.
Жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық еңбектеріне табыс тілейміз!
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтау
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын! Халқымыздың "Ырыс алды – ынтымақ" деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, "Қазірде қазақ елі, өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет".
"Назерке" би тобына – 5 жыл
"Сырдария" университетінің "Назерке" би тобының мерейтойлық концерті көрермендер үшін нағыз мерекеге айналды. Бишілер 2019 жылдың 26 сәуір күні сахнада университетіміздің өнерлі жігіттерінен құралған "Серілер" би тобымен бірге бар шеберліктері мен өнерпаздықтарын көрсетті. "Назеркенің" талантты музыкалық қойылымдары әртүрлі бағыттарда түрлі репертуарлармен көрермендерге танымал болып келген. Бүгін жиналғандар назарына ұлттық билер мен әсерлі жастар ырғақтарындағы нөмірлер қойылды.
Сырдария жастары сайлауда белсенді болуға үндеді
Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу қазақстандық қоғам үшін қажетті қадам. Осы орайда "Сырдария" университетінде Жастар бөлімі мен студенттер бірігіп, "Жастар және сайлау" атты конференция өткізді. Жиынға Оқу-әдістемелік басқарма бөлімінің басшысы, доцент, саясаттану ғылымдарының кандидаты Рая Тәжітаева мен алғаш рет сайлауға дауыс беретін университетіміздің студент-жастары қатысты.
Мектеп бітірушілердің аймақтық пәнаралық олимпиадасы болып өтті
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде "Сырдария" университетінде Жастар жылы аясында өткізіліп жатқан дәстүрлі мектеп бітірушілердің аймақтық пәнаралық олимпиадасы болып өтті. Олимпиада дарынды оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін анықтау, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
15 бағыт бойынша жүргізілген олимпиадада 300-ге жуық оқушы қатысты. Оқушылар әр бағыттың шартына сәйкес тапсырмалар орындады.
Олимпиаданың қорытынды көрсеткіштерінің нәтижесінде жеңімпаздар төмендегіше марапатталды:
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет