"Саз және ән" кафедрасы

Азизханова Дидар Каримжановна

кафедра меңгерушісі, PHD доктор

Телефон: +7 777 153 4501

E-mail: k-oner@tashenev.edu.kz
 

Кафедра туралы

Кафедра 6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау/6В01408–Музыкалық білім (ІР)/6В02121-Эстрада вокал білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.
«Саз және ән» кафедрасы 2020 жылы «Музыкалық білім» кафедрасы мен «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедраларының бірігуі негізінде қайта құрылды. «Музыкалық білім» кафедрасы алғаш 1996 жылы құрылды. Кафедраны ҚР мәдениет қайраткері Бөрі Иса басқарды.  2023 жылы «Өнер және саз» кафедрасы болып жұмысын жалғастырды.  Жаңа БББ қосылуына және білім алушылардың көбеюіне байланысты «Өнер және саз» кафедрасы бөлініп, 2024 жылдың қыркүйек айы «Саз және ән» кафедрасы ашылды. Қазіргі таңда кафедраны PHD доктор Азизханова Дидар Каримжановна басқаруда. 
Кафедра музыка және эстрада вокал мамандарын даярлайды.  Кафедрада 10 профессор – оқытушы жұмыс істейді.
Олардың құрамында: педагогика ғылымдарының докторы – 1, доцент  - 2,  педагогика ғылымдарының кандидаты - 1, ҚР мәдениет қайраткері – 2, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы – 1, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы – 2 педагог қызмет атқаруда. Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамының базалық білімдері білім беру бағдарламаларына сай.
 «Саз және ән» кафедрасына қарасты кабинеттердің барлығы тиісті әдістемелік оқулықтармен, көрнекі-құралдармен, аспаптармен және жиhаздармен жабдықталған.

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы жалпы музыкалық білім және эстрада вокал салалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізуде. Сонымен бірге студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды.
Кафедрасының ПОҚ тізімі
1.    Азизханова Дидар Каримжановна
2.    Бөрі Иса
3.    Мажитов Улукбек Халматович
4.    Мейрбеков Берикбай Бекматович
5.    Туманова Гульзада
6.    Аскаровна
7.    Байгунова Динара Мадихановна
8.    Мейрбеков Жамбыл Берикбаевич
9.    Мәшір Перизат Ілесқызы
10.    Естемесова Сауле Сматуллаевна
11.    Хашимханова Диана Равильевна

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы бірнеше оқулық, оқу-әдістемелік құралдар, кредиттік технология жүйесіне негізделген оқу-әдістемелік кешендер (силлабус), пәндердің әдістемелік нұсқаулары, лекция жинақтары, ОБСӨЖ мәтіндері мен электронды оқулықтар т.б. әдістемелік құралдар жасады.
«Саз және ән» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, мәдениет салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды және болашақ өнер педагогтарын, әнші – күйшілерді даярлауда аянбай еңбек етіп келеді. Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы шығармашылық жұмыстармен айналысады және әртүрлі деңгейдегі Республикалық, халықаралық, облыстық фестивальдардың лауреаттары. Атап айтқанда, ҚР мәдениет қайраткері Бөрі Иса бірнеше Республикалық байқаулардың лауреаты. Сонымен қатар ұлағатты ұстаз Бөрі Исаның «Желтоқсан», «Алтын аймақ мекенім» атты ән-күйлер жинағы, «Жиделі Байсын», «Мерекелік күй», «Сағыныш», «Наурыз тойы», «Жеңіс жолы» атты күй-поэмалары Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жетекші оркестрлердің репертуарларынан орын алып отыр.
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы факультет, университет, аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралардың барлығына белсене қатысып, өз үлестерін қосып келеді.
Кафедра 6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау/6В01408-«Музыкалық білім» (ІР), 6В02121-Эстрада вокал/  білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. Аталған білім беру бағдарламаларының түлектері қазіргі таңда Қазақстанның Білім және ғылым саласы мен мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосуда. 
 

Білім беру бағдарламалар

Кафедра 6В02121-«Эстрадалық вокал», 6В01408-«Музыкалық білім», 6В01402-«Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. 
Білім беру бағдарламалары
6В01402 «Музыка мұғалімдерін даярлау».

«Музыка пәні мұғалімдерін даярлау» жоғары білім беру бағдарламасы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге және қалыптастыруға бағытталған, қосымша мамандығы бар сауатты музыка пәні мұғалімдерін дайындау басымдыққа айналуы тиіс, өйткені бүгінгі таңда отандық еңбек нарығында мұндай мамандарға сұраныс бар. Біз қазақстандық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие, жоғары білікті, әлеуметтік жауапты мамандардың жаңа буынын дайындап жатырмыз.
Болашақ маманға қазіргі заманғы ғылыми деңгейде балаларды тәрбиелеу саласында іргелі білім беру – оқушының музыкалық мәдениетін қалыптастыру, оның қалыптасу үдерісі, жеке музыкалық және музыкалық өнерінің кеңдігі мен әлеуметтік маңызды бағытын дамыту.
6В01402 «Музыка мұғалімдерін даярлау» мақсаты – қазіргі еңбек нарығының жағдайына бейімделген музыкалық білім беру саласында бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау; тиісті деңгейдегі және бейіндегі, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, жауапты, өз мамандығын жетік меңгерген, үнемі кәсіби өсуге дайын білікті маман даярлау.
«Музыка мұғалімдерін даярлау» ББ меңгеру барысында студенттер музыкалық білім беру саласындағы білімдерін көрсетеді және оны оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, оның ішінде көптілді ортаны құруда жүзеге асыруға дайындығын көрсетеді.
Кәсіби қызмет саласы
• -Вокал мұғалімі
• -Сольфеджио мұғалімі
• -Аспап мұғалімі
• -Хормейстер (хор дирижері)
• -Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған вокал мұғалімі
• - Концертмейстер
Оқу бағыттары:
• жалпы білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында сабақтар өткізу;
• музыкалық өнер саласындағы білім берудің дәстүрлі және заманауи технологиялары мен әдістерін пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға, әдістемелік жұмыстарды жүргізуге, әртүрлі педагогикалық жүйелер мен әдістерді талдауға, өзіндік педагогикалық ұстанымдары мен оқыту әдістерін тұжырымдауға дайын болу;
• оқу үрдісінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану;
• олардың нәтижелерін оқу үдерісіне енгізе отырып, педагогикалық эксперименттер жүргізу;
• жаңа білім мен дағдыларды, оның ішінде орындаушылық қызмет саласына тікелей қатысы жоқ жаңа салаларда меңгеру үшін таным, оқыту және өзін-өзі бақылау әдістері мен құралдарын өз бетінше қолдана алады.
Мамандық туралы
Түлектер оқытудың жаңа технологиялары мен принциптерін қолдана отырып, музыка және арнайы пәндер бойынша оқу үдерісін ұйымдастыра алады.
Сіз қайда жұмыс істей аласыз:
• мектептегі музыка мұғалімі;
• балалар музыка мектебінің мұғалімі;
• қосымша білім беру мұғалімі;
• үйірме мұғалімі
• орта кәсіптік білім беру мекемесінің оқытушысы
• мәдениет және өнер оқу орындарында оқытушы
• мамандандырылған оқу орындарында оқытушы.


6В02112 – "Эстрадалық вокал"

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің стратегиялық даму жоспарының мақсаттары мен миссиясына сәйкес, "Эстрада музыкалық өнері"мамандығы бойынша түлектердің мазмұны мен дайындық деңгейіне қойылатын Мемлекеттік талаптарды іске асыру үшін айқындалған.
Білім беру бағдарламасының мақсаттары:
Заманауи пәндік, креативті, кәсіпкерлік құзыреттіліктері бар, ән айту өнеріне баулу, эстрадалық, вокалдық шығармаларды орындау мәдениетін қалыптастыру, эстрадалық вокалдық орындаушылық өнер саласында жоғары сапалы контент құру және қазіргі қоғам талап ететін музыкалық-шығармашылық процесті ұйымдастыру арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жоғары білікті эстрадалық вокал орындаушыларының жаңа ұрпақ дайындау.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
- Қоғамда әлеуметтік-жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, кәсіби этикалық нормалардың маңыздылығын түсіну және осы нормаларды сақтау;
-Эстрадалық вокал жанры арқылы музыкалық-шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту және іске асыру үшін жағдай жасау. 
- Моральдық - еріктік және адамгершілік-этикалық қасиеттерді тәрбиелеуге, вокалдық өнер саласында студенттерді даярлауға негізделген жан - жақты үйлесімді тұлғаны дамыту, солист-вокалистердің шығармашылық қабілеттерін ояту.
- Көркемдік талғамды, шығармашылық қабілеттерді, эстрадалық музыкаға танымдық қызығушылықты дамытуға жәрдемдесу, музыкалық ой-өрісін кеңейту.
- Концерттік қызметке (олимпиадаларға, конкурстарға, концерттерге, фестивальдерге қатысу) тарту арқылы студенттердің шығармашылық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.)
-Пәндік саланы және бірлескен білім беру шығармашылық және студент пен педагогтың, зерттеу қызметін ынталандыратын  оқу-шығармашылық атмосфераны құру  

2.2. ОП құндылықтары 
ОП мазмұнында анықталған негізгі құндылықтар: 
- патриотизм және азаматтық жауапкершілік; 
- құрмет; 
- ынтымақтастық; 
- ашықтық.


3.2  Түлектің кәсіби қызмет саласы
6В02112 – "эстрадалық вокал" білім беру бағдарламасының түлектері білім беру саласында, мәдениет, өнер, медиа-сала, шоу-бизнес ұйымдарында өзінің кәсіби қызметін жүзеге асырады.
Сондай-ақ, басқа салаларда және (немесе) кәсіптік қызмет салаларында олардың білім деңгейі мен алған құзыреттері қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда кәсіптік қызметті жүзеге асыра алады.
3.3 түлектің кәсіби қызметінің нысандары 
-жобалық шешімдерді тұжырымдау, түсіндіру және ілгерілету бойынша тапсырыс беруші, жергілікті қоғамдастық және басқа да мүдделі тараптар арасындағы қатынастарда коммуникативтік, делдалдық функцияларды орындау; 
-зерттеу, жобалау және ұйымдастыру процесіне қатысу; - кәсіптік және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық және оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру; 
- репетициялық және концерттік жұмысты ұйымдастыру, өз қызметінің нәтижелерін жоспарлау және талдау 
- театр-концерт ұйымдары жағдайында ансамбльдік, оркестрлік джаз ұжымдарының құрамында музыкалық-орындаушылық қызметті жүзеге асыру. 
3.4 түлектің кәсіби қызметінің түрлері                                                                       
 -Музыкалық-орындаушылық қызмет (оркестр, ансамбль әртісі, концертмейстер, концерттік ұйымдардың солисі ретінде); 
-Педагогикалық қызмет (қосымша білім беру ұйымдарында (өнер түрлері бойынша Балалар өнер мектептерінде), жалпы білім беру ұйымдарында, кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету); 
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет (репетиция жұмысын және продюсер ретінде концерттік қызметті ұйымдастыру);

3.5 түлектің кәсіби қызметінің міндеттері 
Музыкалық-орындаушылық қызмет:

-Классикалық, заманауи және эстрадалық-джаз музыкалы әдебиетінің жеке шығармаларын тұтас қабылдау, өз бетінше игеру және орындау; 
-Музыкалық-орындаушылық қызметті жеке, сондай-ақ театр-концерттік ұйымдар жағдайында ансамбльдік, оркестрлік ұжымдар құрамында жүзеге асыру; 
-Жеке, ансамбльдік және оркестрлік орындаушылық ре-пертуарды меңгеру, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминологияны меңгеру; 
-Музыкалық шығармаларға теориялық және орындаушылық талдау жүргізу, интерпретациялық шешімдерді іздеу процесінде негізгі теориялық білімді қолдану. 
-Орындаушылық қызметте дыбыс жазудың техникалық құралдарын қолдануға, студия жағдайында репетициялық жұмыс пен жазба жүргізуге;
Педагогикалық қызмет: 
-Оқыту қызметінде психология және педагогика, арнайы және музыкалық-теориялық пәндер саласындағы білімді пайдалану; 
- Білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамытуды жоспарлау; 
-Білім беру процесін ұйымдастыру және талдау, орындаушылық сыныпта сабақты дайындау және өткізу әдістемесі бойынша базалық білім мен практикалық тәжірибені пайдалану;
 - Вокалдық пәндерді оқытудың классикалық және заманауи әдістерін қолдану, отандық және әлемдік вокалдық мектептердің ерекшеліктерін талдау; 
- Мерекелік іс-шаралар өткізу;
Орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру: 
- Өз қызметін жоспарлау; 
- Мәдени-бұқаралық іс-шаралар жобасын іске асыру үшін нақты тапсырмалар жасау; 
-Дыбыс жазатын, дыбыс шығаратын, күшейтетін аппаратураны және басқа да дыбыстық техникалық жабдықты пайдалану 
- Міндеттерді қою, бағыныштылардың қызметін ынталандыру, тапсырмаларды орындау нәтижесі үшін жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, олардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау.

Оқу-әдістемелік жұмыс

Серіктестер
«А.Науаи атындағы №11 жалпы орта мектебі» КММ Шымкент қаласының білім бөлімі
  «А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы»
  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Akdeniz University Акдениз университеті, Анталия, Түркия
Тәрбие процесі
Тәжірибеге бағытталған көзқарас, білім беру жобаларынан гөрі нақты жұмыс жасау және алған білімдерін тәжірибеде бекіту студенттерге оқу процесінде өз мансабын бастауға мүмкіндік береді.

Оқыту құрылымы:
• инновациялық және дәстүрлі оқыту әдістерін біріктіретін іргелі білім
• болашақ мамандығыңыздың мәні мен әлеуметтік мәнін түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту
• қазақстандық музыкалық білім берудің стратегиялық мақсаттарын түсінетін, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу іс-әрекетін жоспарлай және құрастыра алатын мұғалімді даярлау
Осылайша, мектеп бітіру кезінде студенттер өз мамандығы бойынша нақты көпжақты тәжірибеге ие болады, оқу процесінде инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану, олардың нәтижелерін оқу процесіне енгізе отырып, педагогикалық эксперименттер жүргізу, студенттің музыкалық мәдениеті, білім беру үрдісі. оның қалыптасуы, жеке музыкалық-эстетикалық талғамының кеңдігі мен әлеуметтік маңызды бағытын дамыту және еңбек жағдайына оңай бейімделу.
Диплом және мансап
Оқу бағдарламасын ойдағыдай аяқтаған және қорытынды аттестациядан өткеннен кейін бітіруші, жалпы дамыту пәні бойынша педагог кадрларды даярлау, бейіні 6В01402 – Музыка пәні мұғалімдерін даярлау мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін беретін мемлекеттік диплом алады.
Сонымен қатар, Мансап және жұмыспен қамту орталығы түлектерге де, студенттерге де белсенді қолдау көрсетеді, бұл студенттер мен түлектер арасында жұмыс берушілермен тікелей тиімді байланыс орнатуға көмектеседі.
 

Өтілген  іс-шаралар

Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Бастауыш білім және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының магистр,аға оқытушысы Байгунова Динара Мадиханқызының ұйымдастыруымен, бекітілген жоспарға сәйкес  04.10.2024 күні Гагарин көшесі-22 корпусында ұстаздар мерекесіне арналған «Музыкалық білім және эстрадалық ән салу» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен «Ұстаз-ұлы тұлға» атты ашық тәрбие  сағаты өткізілді.Іс шараға факультетіміздің деканы,факульетіміздің аға тәлімгерлері және профессор оқытушы құрамы шақырылды.Студенттер ұстаздарына арнап өлең шумақтарын,әндері мен күйлерін төгілтіп,өнерлерін паш етті.Хор ұжымы «Ұстазым» әнін екі дауыста орындап көпшіліктің көңілінен шыға білді.Студенттер құрамынан құралған шағын оркестр күйші Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйін орындады.Ашық тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті.Факультет деканы оқытушы,пофессор құрамын алғыс хаттармен марапаттап,еңбектеріне табыс тиледі.

1

 

Ашық сабақ

Ж.А.Тәшенев атындағы университеті «Бастауыш білім және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының ҚР мәдениет қайраткері,доцент Бөрі Иса 26.09.2024 күні ПиК-24-4к және Пик-24-13к  топ студенттерімен «Желтоқсан» шығармасын ноталық мазмұнды және аспапта орындап беру тақырыбы бойынша ашық сабағын өтті. «Желтоқсан» шығармасының шығу тарихын және оның орындалу ережесімен таныстыра отырып,оқытушы студенттермен шығарманың әрбір тактісін,ноталық мәтінін жоғары деңгейде талдай білді.Сабақты өту барысында оқытушы жаңа әдістерді қолдану арқылы шығарманың мәнін аша тусті.Сабаққа факультетіміздің деканы Ұ.Ж.Қонақбаева және кафедра меңгерушісі Д.К.Азизханова,кафедраның профессор құрамы толығымен қатысты.Сабақ жоғары дәрежеде өтті.
I.    Сабақтың тақырыбы : Күйдің динамикалық шартты белгілерін меңгерту 
ІІ.    Сабақ жоспары:   
Ш Сабақтың мақсаты:   Динамикалық таңбалар.Музыкалық терминдерге түсінік беру.Күйлерді, музыкалық шығармаларды талдау.
Білім беру:Динамикалық белгілердің түрлері,жазылуы,айтылуы және олардың орындалуы туралы түсінік қалыптастыру 
Дамыту: Студенттердің ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,аспапта ойнау техникасын арттыра түсу.
Тәрбиелік: Студенттерді  музыкалық сауаттылық арқылы өнерге баулу.
білім мен дағдыларды кешенді қолдану сабағының түрі (бекіту сабағы) Сабақтың негізгі бөлігінде ноталық талдау жасау,шығарманы зерттеу бөлімдері бойынша алынған жұмыс дағдыларын практикалық тұрғыда қолдану дағдыларын қалыптастыру .
осы сабақты оқыту әдістері болып табылады:
1) Есту қабілеті,   нота текстімен жұмыс,аспаппен жұмыс; 
2)ауызша (оқытушының нұсқаулары мен сұрақтары);
3) Күйдің мәтінін талдау;
4)  Күйдің дыбыстарын  айқындау,топ бойынша нота арқылы әуенін шығару;
5) Аспаппен шығарманы қосыла айту жұмыстары;
педагогикалық технология-сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын түрлі  жаттығулар, студенттердің   даму процесін күшейтуге айтарлықтай ықпал етеді.  Әнінің интонацияның тазалығына,шығарманың әрбір тактісінің дұрыс орындалуына, нотатекстін таза айтуына,студенттердің ойлау қабілетін қарқынды дамытуға,өз ықпалын тигізеді.
IV.Сабақтың көрнекілігі: домбыра,кітаптар,ноталық нұсқаулар,дисклер, нота дәптерлері, қосымша материалдар,қарындаштар, өшіргіштер.
V. Сабақтың барысы:
 Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы,орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динасика деп аталады.Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян
 сөздерінің бас әріпімен белгіленеді.Форте-мағынасы қатты,жазылуы –F
Пиано-ақырын,жай деген мағынаны білдіреді жазылуы-P
Меццо-форте орташа күшпен деген мағынаны білдіреді жазылуы –mf
Меццо-пиано ақырын деген мағынаны білдіреді жазылуы –mp
Фортиссимо-өте күшті,қатты деген мағынаны білдіреді жазылуы-ff
Пианиссимо-өте ақырын,жай  деген мағынаны білдіреді,жазылуы-pp
Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасын жариялау.
Студенттердің қызметі.  Олар   оң қол мен сол қолдың техникасын арттыратын жаттығуларды динамикалық белгілер арқылы орындайды.
Ақпараттық қамтамасыз ету және жабдықтар:Кестелер,басқыштардың ән кестелері, дыбыстан интервалдарды анықтау схемалары; ноталық дәптерлер, қарындаштар, өшіргіштер.
Үй тапсырмаларының тізбесі мен түрлері:
 1.Еркесылқым күйін талдау,орындау
  2. Жаттығулармен  жұмыс жасау
3. Ноталық сауаттылықты арттыру
4.Аспаппен ойнап үйрену
Бақылау сұрақтары:
 1.Нота,нотаның түрлері
 2.Динамикалық белгілер
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жайымов А., Бүркітов С., Ысқақов Б. Домбыра үйрену мектебі. – А: Өнер.  2000. – 240б.
2.Жарқынбеков М. Қазақтың халық аспаптар оркестрі. – Ш.: обл.баспахана. - 2001. –89б.
3.Бишімбаев Қ. «Ордабасы сарыны» Партитура – оркестрге өңдеген Ізтай Т. М.Әуезов атын ОҚМУ, баспа орталығы, 2004ж
4.Балабеков Е. «Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалар» Хрестоматия-Ш: ШПИК, 1994ж 

3

 

Мерекелік іс-шаралар

04.10.2024ж Ұстаздар күніне орай «ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА» атты мерекелік концерт өтті. Осы орайда, Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сізді құттықтаймыз. 
 Алғыс хатпен Мажитов Улугбек Халматович,
Мейрбеков Берикбай Бекматұлы, Туманова Гульзада Аскаровна марапатталды.

33

 

 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.