Оқу-әдістемелік семинар
Оқу-әдістемелік басқарманың ұйымдастыруымен диплом жұмысын жазу тәртібі бойынша әдістемелік семинар болып өтті.
Бітіруші курс студенттерінің алдында тұрған сынақтардың бірі – диплом жұмысын жазу және оны қорғау. Осыған байланысты ғылыми-зерттеу жұмысын реттеу тәртібі, диплом жұмысын жазу нұсқаулығында көрсетілген талаптарға сәйкестендіріп рәсімдеу, жұмысты уақытында өткізу т.б. мәселелер бойынша оқу-әдістемелік басқарма басшысының орынбасары Оралова Зәуре Мекенбайқызы семинар барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асырудағы инновациялық технологиялар" атты семинар-тренинг өтті
Қазіргі таңда педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-ның білім беру жүйесінің басты мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнына сай еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзіретті, білім беру кеңістігінде болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге дайын білікті маман дайындау.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратынтың бағдарлама болып отыр.
Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтау
Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқы сан тарихты бастан өткеріп, бойдағы тектілік пен тағдыр жазуының арқасында Тәуелсіздікке қол жеткізді.
Бүгінде Тәуелсіз еліміздің аяғынан тік тұрып, дамыған елдермен терезесі тең мемлекет ретінде қалыптасуы Елбасының көрегендік саясаты мен ел азаматтарының жұмыла еңбек етуінің нәтижесі.
Мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын!
Жастар конференциясы
"Тәуелсіздік. Ұлы даланың жеті қыры" атты бүгінгі студент-жастар конференциясы жақында Елбасы жариялаған Мақаладағы мәселелерге арналды. Ең алдымен "Тәуелсіздікке" қол жеткізгенге дейінгі тарихи оқиғалар мен жағдайлар бейнефильм арқылы көрсетіліп, бүгінгі бейбіт заманның оңайлықпен келмегені тағы да бір дәйектеле түсті.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша семинар болып өтті
Бүгін "Жаратылыстану және математика" факультетінде "Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен оқушыларды бағалаудың маңыздылығы" тақырыбында әдістемелік семинар болып өтті. Семинарға факультет мамандықтарының 3, 4 курс студенттері мен оқытушылар қатысты.
Тәуелсіздік – ұлы дала елінің аманаты
Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған "Тәуелсіздік – ұлы дала елінің аманаты" іс-шара биылғы жылы жоғары деңгейде өтті. Ұлы дала елінің рухани жаңғыруы тарих іздеріндегі ұлттық кереметтермен сабақтасып жатқаны айқын ақиқат.
Студент-жастардың санасында ұлттық құндылықтарды қалыптастырып ғана қоймай, оны әрі қарай жандандыратын бағыт-бағдар беру, егемендікке қол жеткізудегі тарихты ұмыт қалдырмау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға "Гуманитарлық білім" факультеті мұрындық болды.
Денсаулық – басты байлық
Бүгін әлем жұртшылығының назарын аударған "ХХІ ғасырдың обасы" аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне байланысты университет студенттері дәрігермен кездесу жиынын өткізді.
Тұмаудың алдын алу
Бүгін университет студенттері "Тұмаудың алдын алу" тақырыбындағы дәрігердің кеңесін тыңдады. Жетісай ауданының "Салауатты өмір салтын насихаттау орталығының" дәрігер-маманы Жанар Серікбаева тұмау және тыныс алу жолдарының жедел вирустық инфекциялары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Соның ішінде тұмау циклдік ағымға ие болғандығы және адамдардың көпшілігінде тұмау пандемиядан да қауіпті эпидемияға айналып отырғандығын атап өтті.
Университетте қызықты да, тартымды өткен мерейтой. Мереке шымылдығы «Сыр сандықпен» ашылды
«Сырдария» университетінің 20 жылдық мерейтойына байланысты біраз уақыттан бері іс-шаралар легі іске асып келді.
Соның айқын бір көрінісі мерейтой салтанатының «Сыр сандық» студент-жастар театрының «Ақберен» драмасының премьерасымен ашылуы болды.
Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» әпсанасының желісі бойынша қойылған драманы студент-жастар жоғары деңгейде сахналағаны көрермендердің ықыласынан, келген қонақтардың жылы лебіздерінен де аңғарылып тұрды.
Биліктен биік тұлға
Үстіміздегі жылдың 29-қарашасында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын аудан тұрғындарына жан-жақты түсіндіру мақсатында Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, мемлекет және қоғам қайртакерлері Н.Әбіқаев және З.Тұрысбековпен кездесу жиыны өтті.
Жиын барысында ел ағалары Елбасының Жолдауы мен Мақаласынан туындайтын міндеттерді, жағымды жаңалықтарды, жасампаз, игілікті істерді тұрғындарға жеткізу, кеңінен үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу әрбіріміздің міндетіміз екенін атап өтті.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет