ХАБАРЛАНДЫРУ

Білім алушылар назарына!

Университетімізде келесі 4 санатқа жататын оқу үлгерімі жоғары студенттердің оқу төлемақысына жеңілдіктер беріледі:
 - тұл (толық) жетім білім алушылар;
  - ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігі бар білім алушылар;
  - спорт шеберлігіне үміткер білім алушылар (куәлік ұсынылады);
   - Анасы “Алтын” және “Күміс” алқа иегері танылған білім алушылар.
Қажетті құжаттар:
- университет ректорының атына өтініш (өз қолымен не заңды қамқоршысының қолымен жазылуы тиіс;
- ⁠жеке куәлік көшірмесі;
- ⁠оқитындығын растайтын анықтама (түпнұсқа);
- ⁠транскрипт;
- ⁠әлеуметтік санатқа жататындығын растайтын құжаттың нотариуспен расталған көшірмесі;

Ескерту: Өтінішке факультет деканының қолы қойылуы керек.
Өтінімдер қараша айының 20 жұлдызына дейін қабылданып, қараша айының Ғылыми кеңесінде шешім қабылданады.
 

Оқиға категориялары