ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Мамырдың 3-жұлдызында университетімізде "Өнер" факультетінің ұйымдастыруымен "7 мамыр – Отан қорғаушылар күні" мен "9 мамыр – Жеңіс күні" мерекесіне орай мерекелік кеш өтті.

Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік шара Ұлы Отан соғысының батырлары М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Т.Бигелдинов, Х.Доспанова, Б.Момышұлы т.б. жеңіске ұмтылған ерліктерін бейнебаян арқылы көрсетуден басталды.

Сахнаға алғашқы болып "Жетісай сазы" Оркестрі "Жеңіс жолы" композициясын ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Бөрі Иса тыңдарман қауымға тарту етті.

Одан әрі сахна төрінде "Музыкалық білім" кафедрасының аға оқытушысы Сұлтан Сапарқулов "Смуглянка" әнін орындады.

Отан үшін от кешкен аға ұрпақ құрметіне "Алға қазақ жігіттері", "Синии платочек", "Сарбаздар", "День победы" секілді әндер шырқалып, патриоттық тақырыпта көріністер көрсетілді.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тіршілігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған намысты ерлердің айбыны арта берсін!

Теги: