"Дизайн" кафедрасы

Тлеубаева Балжан Сейдраманқызы
кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

✆ Телефон: +7 778 738 7003
✉ E-mail: k-oner@tashenev.edu.kz


«Дизайн» кафедрасы 
6В02111 - Сән индустриясы (5 оқу жылы)
6В02101-Дизайн (5 оқу жылы)
6В01403 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау (4 оқу жылы)

6В01406 Көркем білім (4 оқу жылы)
6В01407-Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (4 оқу жылы) 
білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады.

Ашық сабақтар және соңғы іс-шаралар 

Кафедра туралы

1998 жылы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы Жетісай қаласында ашылған «Сырдария» университетінің құрамында «Музыкалық білім» кафедрасы алғаш 1998 жылы құрылған. Кафедраны ҚР мәдениет қайраткері Бөрі Иса басқарды. «Бейнелеу өнері және дизайн» бөлімі 2000 жылы ашылды. Бөлімді ең алғаш Суретшілер Одағының мүшесі  Қалмұратов Жеңіс басқарды. 2005 жылы «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімі «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраны ф.ғ.к., доцент Болысбаев Даулетхан басқарды. 2008-2022 жылдары кафедра музыка және көркем еңбек мұғалімдері мен дизайн мамандарын даярлайтын «Өнер және дизайн» кафедрасы болып «Музыкалық білім» кафедрасымен «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедраларының бірігуі негізінде қайта құрылды. Кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты Қожағұлова Гүлнар Есенқызы, Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызы басқарды.
2022 жылы Сырдария университеті Шымкентке көшуіне байланысты Ж.А.Тәшенев аты берілді. Осыған орай «Өнер және дизайн» кафедрасы болып құралды, кафедраны аға оқытушы, магистр Ким Ирина Степановна басқарды. 
2023 оқу жылынан бастап «Өнер және саз» кафедрасы болып атанды, сонымен қатар кафедраның меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тлеубаева Балжан Сейдрамановна тағайындалды.
2023-2024 оқу жылында кафедрада 31 профессор – оқытушы құрамы жұмыс істеді.
Олардың құрамында: ғылым кандидаттары, доценттер – 6; философия докторлары (PhD) – 2; ҚР мәдениет қайраткері – 2; ғылым магистрлері, аға оқытушылар – 12; ғылым магистрлері, оқытушылар – 11 педагог қызмет атқаруда. Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамының базалық білімдері білім беру бағдарламаларына сай.
2024-2025 оқу жылынан бастап университет акционерлік қоғамға айналды, сәйкесінше университет құрылымы өзгерді, кафедра екіге бөлінді, «Саз және ән» және «Дизайн» кафедрасы. 
«Дизайн» кафедрасын Тлеубаева Балжан Сейдрамановна басқаруда.
«Дизайн» кафедрасына қарасты кабинеттердің барлығы тиісті әдістемелік оқулықтармен, көрнекі-құралдармен, аспаптармен және жиhаздармен жабдықталған.
Жаңа оқу жылына кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы – 20 адамды құрайды. Олардың құрамында: профессор-1; ғылым кандидаттары, доценттер – 4; философия докторлары (PhD) – 2; ғылым магистрлері, аға оқытушылар – 9; ғылым магистрлері, оқытушылар-4 педагог. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының негізгі білімі білім беру бағдарламаларына сәйкес келеді.
 

Профессор–оқытушылар құрамы

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы жалпы өнертану, көркем еңбек және дизайн салалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізуде. Сонымен бірге, студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды.

Кафедраның ПОҚ тізімі:
1.    Тлеубаева Балжан Сейдрамановна
2.    Конакбаева Ұлжамал Жандаралиевна
3.    Джанпаизова Василя Мирзахмедовна
4.    Туракулов Баходур Сахибаевич
5.    Қарсыбаев Бастарбек Токтарович
6.    Ким Ирина Степановна
7.    Есенова Ханзада Азимхановна
8.   Рахманкулова Жанат Абдыкадыровна
9.    Алшымбаева Сауле Нагашбековна 
10.   Асилова Каммила Саидбурхановна
11.  Байтелиева Жанар Елтановна
12.    Қалабаева Қызбала Райымбекқызы
13.    Рахимов Бабур Фархадович
14.    Ахметова Зейнепкүл Досымовна
15.    Көбеева Нұргүл Мұхтарқызы

5

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы бірнеше оқулық, оқу-әдістемелік құралдар, кредиттік технология жүйесіне негізделген оқу-әдістемелік кешендер (силлабус), пәндердің әдістемелік нұсқаулары, лекция жинақтары, ОБСӨЖ мәтіндері мен электронды оқулықтар т.б. әдістемелік құралдар жасады.
«Дизайн» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, дизайн, мәдениет салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды және болашақ суретші, даярлауда аянбай еңбек етіп келеді. Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы шығармашылық жұмыстармен айналысады және әртүрлі деңгейдегі Республикалық, халықаралық, облыстық фестивальдардың лауреаттары. 
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы факультет, университет, аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралардың барлығына белсене қатысып, өз үлестерін қосып келеді.
 

Білім беру бағдарламалар

6В02101-«Дизайн», 6B02111 - «Cән индустриясы» БББ мақсаты инновациялық даму қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби, креативті және жеке құзыреттілікке ие, бәсекеге қабілетті киім үлгілерін жеке тапсырыс жасауға және эксперименттік сәнніңжаппай өндіріс жағдайына қабілетті сән индустриясы және дизайн саласындағы жоғары білікті, әлеуметтік жауапты мамандардың жаңа буынын даярлау.
Студенттер бәсекелестердің қызметін талдауды және өнімді жылжыту стратегиясын таңдауды үйренеді. Олар нарықты зерттеумен айналысады, мақсатты аудиторияны анықтауды үйренеді, дизайнерлермен және маркетологтармен ынтымақтасып жұмыс жасайды. Оқу бағдарламасына сән индустриясындағы бренд менеджменті, сән индустриясының жарнамалық жобасы, сән индустриясының шығармашылық ойлауы, сән әлеуметтануы, қаржылық менеджмент және маркетинг, сән саласындағы  бизнес практикасы сияқты пәндер кіреді.
Кәсіби қызмет саласы
•    жаппай және креативті костюм дизайны-жаппай және жеке киім өндірісіне арналған дизайн;
•    киімді жобалау және модельдеу - авторлық костюм дизайны үшін киім дизайнының нұсқаларын жасау;
•    костюм дизайнындағы костюм графикасы және цифрлық технологиялар-компьютерлік бағдарламаларды (Adobe Photoshop, Adobe Illustrator және т. б.) пайдалана отырып, авторлық эскиздерді әзірлеу;
•    тігін өндірісінің классикалық технологиясы және өңдеудің инновациялық әдістері - авторлық бұйымның технологиялық картасын жасау;
•    костюм қалыптастыру және 3D киімнің заманауи жобалары-көлемді костюм формаларын әзірлеу және киім макеттерін жасау;
•    жеке стиль және имидж-клиенттің стилі мен имиджін дамыту;
•    костюмдегі түс және костюм қатарының түсі – жеке дизайн топтамаларында коммерциялық колористикалық қатарлар жасау;
•    сән және сұлулық қызметі-сән және сұлулық индустриясының даму тарихы
•    шығармашылық ойлау сән индустриясы-дизайн ойлау сән индустриясындағы жаңа көзқарас
•    киімді теңшеу және жекелендіру-жеке клиенттердің тапсырысы бойынша авторлық стиль жасау


Бағыттары: 6В02101-Дизайн, 6B02111-Сән индустриясы 
Құжаттар: лицензия
ЕНТ: Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, Орыс тілі, шығармашылық емтихандар
Оқу мерзімі: 5 жыл оқу
Оқыту формасы: күндізгі
Дайындық курстары: «Дизайн. Жалпы дайындық», «Сән дизайны», «Костюм дизайны»
Қабылдау шарттары туралы толығырақ.
Дизайн бойынша дайындық курстарына қабылдау ашық! Оқудың басталуы-қаңтар 2025 ж
Мамандық туралы
Түлектер брендтік компанияларда, бутиктерде, дизайн студияларында жұмыс істейді немесе өздерінің киім желісін шығарады.
Сіз кім болып жұмыс істей аласыз:
•    Әйелдер киімінің дизайнері
•    Ерлер киімінің дизайнері
•    Стилист
•    Сән редакторы
•    Костюм бойынша театр және кино суретшісі
•    Авторлық студияның немесе киім өндірісінің шығармашылық директоры
•    Аксессуарлар дизайнері
•    Жеке гардероб дизайнері
•    Кәсіби Сатып алушы
•    Сән-иллюстратор
•    Тігін өндірісінің конфекционері
•    Дизайнер-сәнгер
•    Байер

6В01403 –«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау», 6В01406 – «Көркем білім" бағыттарының мақсаты - пәндік салада аналитикалық, зерттеу және тілдік дағдыларымен; одан әрі үздіксіз өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби білімдерін, іс- әрекеттері мен дағдыларын жетілдіру қабілеті; көшбасшылық қасиеттері мен инновациялық ойлауы саласында сапалы білімі бар бейнелеу өнері және сызу мұғалімін даярлау;
«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау», «Көркемдік білім беру» ББ игеру барысында жалпы білім беру, базалық және бейіндік циклдар пәндері оқытылатын болады. Оқытылатын пәндер: Көркем еңбек, графика және жобалау бойынша мектеп бағдарламасының жаңартылған мазмұнымен байланысты және білікті, заманауи мұғалімді даярлауға қызмет етеді.

Кәсіби қызмет саласы
•    Жалпы ортабілім беретін және мамандандырылған мекемелер (колледждер, мектептер, лицейлер, гимназиялар және т.б.)
•    Орта арнаулы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және қосымша білім беру ұйымдарының барлық түрлері
•    Бейіні бойынша жеке кәсіпкерлік қызмет
•    Өнеркәсіп кәсіпорындарында суретші ретінде
•    Шығармашылық-кәсіби бірлестіктердегі жұмыс
•    Оқу-технологиялық ұйымдар
•    Жарнама агенттіктеріндегі бейіндік қызмет
•    Шығармашылық бірлестіктердегі эксперименттік-зерттеу қызметі
•    Коммерциялық ұйымдар
Мамандық туралы
Түлектер оқытудың принциптері мен жаңа технологияларын қолдана отырып, көркем еңбек және арнайы пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыра алады.

Сіз кім болып жұмыс істей аласыз:
•    Көркем еңбек мұғалімі;
•    технология мұғалімі;
•    қосымша білім беру мұғалімі;
•    үйірме мұғалімі.

Кафедра жұмысының бағыттары

Бағыттары: 6В02101-Дизайн, 6B02111-Сән индустриясы 
Құжаттар: лицензия
ЕНТ: Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, Орыс тілі, шығармашылық емтихандар
Оқу мерзімі: 5 оқу жылы
Оқыту формасы: күндізгі
Дайындық курстары: «Дизайн. Жалпы дайындық», «Сән дизайны», «Костюм дизайны»


6В02101-Дизайн, 6B02111-Сән индустриясы мамандықтары туралы
Түлектер брендтік компанияларда, бутиктерде, дизайн студияларында жұмыс істейді немесе өздерінің киім желісін шығарады.

Сіз кім болып жұмыс істей аласыз:
•    Әйелдер киімінің дизайнері
•    Ерлер киімінің дизайнері
•    Стилист
•    Сән редакторы
•    Костюм бойынша театр және кино суретшісі
•    Авторлық студияның немесе киім өндірісінің шығармашылық директоры
•    Аксессуарлар дизайнері
•    Жеке гардероб дизайнері
•    Кәсіби Сатып алушы
•    Сән-иллюстратор
•    Тігін өндірісінің конфекционері
•    Дизайнер-сәнгер
•    Байер

Бағыттары: 6В01403 –Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01406 – Көркем білім, 6В01407-Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері 
Құжаттар: лицензия
ЕНТ: Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, Орыс тілі, шығармашылық емтихандар
Оқу мерзімі: 4 оқу жылы
Оқыту формасы: күндізгі
Дайындық курстары: «Көркем еңбек және сызу», «Сурет»


6В01403 –«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау», 6В01406 – «Көркем білім», 6В01407-Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері  мамандықтары туралы
Түлектер оқытудың принциптері мен жаңа технологияларын қолдана отырып, көркем еңбек және арнайы пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыра алады.

Сіз кім болып жұмыс істей аласыз:
•    Көркем еңбек мұғалімі;
•    технология мұғалімі;
•    қосымша білім беру мұғалімі;
•    үйірме мұғалімі.
 

Білім беру бағдарламаларға арналған презентациялар (.PPTX-форматта)

Пәндер презентациялар

1.    Тігін бұйымдарын құрастыру
2.    «Академиялық кескіндеме»
3.    Арнайы сурет 
4.    ЗАМАНАУ ТІГІН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ
5.    КЕСКІНДЕМЕ
6.    Түрлі мақсаттағы киімдерді жобалау 
7.    Тігін бұйымдарының технологиясының негіздері
8.    Киімді конструктивтік модельдеу
9.    Тігін бұйымдарын құрастыру негіздері
10.    ТІГІН ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ  ОЛАРДЫ ЖӨНДЕУ
11.    Сән бұйымдарын көркем жобалау
12.    Тігін бұйымдарының технологиясы
13.    ФИРМАЛЫҚ СТИЛЬ
14.    Шығармашылық ойлау

 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары