Университет профессоры Құдайберген Жидебаев 80 жаста

2017 жылы 20-қазанда «Сырдария» университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Құдайберген Жидебайұлының 80 жасқа толуына орай мерейтой кеші болып өтті.

Бар ғұмырын білім беру, ағарту , ғылыми ізденіске арнаған ғалымның мерейтойына университет ұжымы мен студенттер қатысты.

Пікірсайыс турнирі

Әрбір жас ел болашағы үшін жасалып жатқан игі бастамалардан тыс қалмай, қоғамдық өзгерістерге өзінше үн қосып, орнықты ой айта білуі тиіс.

Сондықтан Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер проректоры мен Жастар комитеті «Сырдария» университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының жастары арасында пікірсайыс турнирін өткізді.

Студенттер мерекесі

2017 жылдың 19-қазанында 1-курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау дәстүріне орай мерекелік кеш болып өтті.

Елбасының «Мәгілік ел» идеясына кірпіш болып қаланатын болашақ жас мамандарды 1-курсқа қабылдау шарасын ашқан университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С.Дайырбеков: «Құрметті студенттер Сіздер үшін бұл күн мереке. Сіздер университетіміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қосылып отырсыздар.

Болашаққа қадам

2017 жылдың 14 қазанында университет басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, 16 қазанда білім алушылар Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген бейнероликпен танысты.

Кіші футбол турнирі

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында және «Сырдария» университетінің 20 жылдық мерейтойына орай «Дене тәрбиесі және спорт» факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенттері мен Жастар комитеті ұйымдастыруымен өткен кіші футболдан ашық турнир өз мәресіне жетті.

Аталмыш шара нәтижесі бойынша 16 спорттық команданың 4-уі суырылып алға шығып, межелі нәтиже көрсетті:

І орын – «Сырдария» құрамасы

ІІ орын – «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы

"Білім-Оразование-Education" Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының "ХХІ ғасыр педагогы" атты халықаралық педагогикалық байқауда ІІІ орын

«Білім-Образование-Education» Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының «Үздік сабақ жоспары» атты ІІІ Республикалық ғылыми-педагогикалық байқауында ІІІ орынға ие болған «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының оқытушысы, ғылым магистрі Тастеков Нұрбек Қалдарбекұлын құттықтaймыз.

Деніне саулық, отбасына амандық тілей отырып, ізденіс жолындағы еңбектері нәтижелі бола берсін демекпіз!

"Білім берудегі интербелсенді әдістемелер мен оқытудың инновациялық технологиялары" атты семинар-тренинг өтті

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз...
Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз...
Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс».

Әуезовтің әдеби әлемі

Қазақ әдебиетінің біртуар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай 2017 жылдың 28-қыркүйегінде кітапхана бөлімі және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессор-оқытушылары, мамандық студенттерінің ұйымдастыруымен «Әуезовтің әдеби әлемі» атты әдеби-танымдық кеш өтті. «Қазақстан» студенттер сарайында кемеңгер жазушының әдеби әлеміне саяхат жасалды.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жаңа оқу жылының 27-қыркүйегінде Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын насихаттау мақсатында Аманқұлов Мусамахамбет Ертайұлы студент жастармен кездесті.

Мәңгілік елдің тарихи кезеңінде рухани жаңғырудың бағдары айрықша маңызға ие екендігі айтылып, көш басындағы елдермен терезе теңестіру, заман ағымына икемделу, жаңа дәуірдің өзгерістеріне бейім тұру және бойға сіңіру мәселелері талданды.

"Тіл - достықтың тірегі"

Қыркүйек айының жиырма бесінші жұлдызында университетіміздің студенттер үйінде, тілдер мерекесіне арналған «Тіл – достықтың тірегі» атты концерт болып өтті. Тіл мерекесі болған соң үш тілде жүргіздік қазақ, орыс, ағылшын.

Айтулы іс-шараға унверситетіміздің студенттер үйінде тұрып оқитын белсенді де беделді студенттерміз қатысты. Жүргізушілер Мұсабаева Ұлмекен, Тұрғынбаев Дәурен, Жақсылық Гүзат. Мерекелік кешімізде жүргізушілеріміз тілдің қадір қасиеті жайлы және де би-шешендеріміздің ұлы, дана сөздерін келген қонақтарға түіндіріп өтті.