Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтау

Құрметті университет ұжымы мен студент-жастар!

 
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген «Сырдария» университетінің ұжымын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл мереке шын мәнінде біздің еліміздің еркіндігі мен қуаттылығының, қоғамдағы әрбір азаматтың жеткен жетістіктерінің символы іспетті.

Адамның әлеуетті дамуы – Тәуелсіздіктің ең басты құндылығы болып табылады, өйткені еліміздің бәсекеге қабілетті болып гүлденуі әрбіріміздің жан-жақты дамуымызға тікелей байланысты.

Осы орайда «Сырдария» университеті білім беру мен жас ғалымдарды тәрбиелеу, жаңа технологияларды енгізу жолында, экономиканың барлық саласына қажетті жетекші мамандарды даярлау ісінде аянбай еңбек етіп келеді.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.

Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Құрметпен,
«Сырдария» университетінің ректоры,
 т.ғ.к., доцент С.Д.Мамраймов

 

Оқиға категориялары