Бітіруші түлектерге диплом беру рәсімі

«Сырдария» университетінде 27.06.2022 күні бітіруші түлектерге диплом беру рәсімі өтті. Университет бойынша биыл 824 бакалавр, 82 магистрант диплом алды.
Биылғы диплом беру рәсімі әрбір білім беру бағдарламасы бойынша өткізілді. Атап айтқанда, магистрантар мен қызыл диплом алған студенттерді Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Абдуразова Перизат Аділбекқызы, «Филология және гуманитарлық білім» факультеті түлектеріне Оқу және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор м.а. Исаева Күлайна Әліқұлқызы, ғалым-хатшы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әбенова Ләззат Усманқызы және факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы, «Жаратылыстану» факультеті түлектеріне осы факультеттің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдасов Сазахан Аманұлы, сондай-ақ «Спорт және өнер» факультеті түлектеріне университет заңгері Лаура Сарсенбайқызы, факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мырзабек Лесбек Әліпұлы, профессор Бөрі Иса және аға оқытушы Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызы құттықтап, өздерінің ізгі де ақжолтай тілектерін білдірді.