Инклюзивті психологиялық қолдау кабинеті жұмыс жасауда

Қазіргі таңда барлық әлемде білім алушыларды педагогикалық қолдау мен бейімдеу олардың білім алу қажеттіліктері мен сұраныстары, жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын "барлығы үшін бір білім беру жүйесі" немесе инклюзивті білім беру мәселесі қолға алынуда. Инклюзивті білім беру - ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Ал оның басты мақсаты: адамның жыныстық ерекшелігіне, діни нанымына, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Әрбір білім алушылардың эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлілігіне байланысты әр білім алушының білім алуда өз ерекшеліктері болады. Осыған орай, Университетімізде барлық білім алушылардың даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп  білім берілуде.

"Педагогика және психология" кафедрасы жанында психологиялық түрлі бағыттарда жұмыс жасап келген "Психологиялық кеңес беру орталығы" бүгінгі таңда Инклюзивті психологиялық қолдау кабинеті атауымен өз жұмысын жалғастыруда. Жұмысымыздың мақсаты: барлық білім алушылардың индивидуалдық ерекшеліктеріне, психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан тең дәрежеде білім алуын және жетістікке жетудің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету; білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру; барлық білім алушылардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттеріне байланысты, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне және қоғамға енуіне байланысты білім алу құқығын жүзеге асыру, психологиялық қолдау көрсету.

Ағымдағы жылда жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, 1-курс студенттерін жоғары оқу орнына бейімдеу және тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту мақсатында "Жаңа ортаға бейімделу және топ ішіндегі коммуникативті дағдыларды дамыту" тақырыбында 1 курс студенттерімен тренинг жүргізілді. "Мен және менің өмірімнің маңызы" тақырыбында ПжП-17, Бпә-17, Физ-17, Мат-17, Хб-17, Қт-17 топтарына психодиагностикалық әдістемелер өткізілді. Студенттердің белсенді өмірін қалыптастыруға және өзіндік бағалауды арттыру мақсатында  "Мотивация және сенімділік" тақырыбында ПжП-19, Инф-17, Тар-17 топтарына тренингтер жүргізілді.