Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту - замана талабы
- 1 view
"Сырдария" университеті Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын жүргізіп, аудан тұрғындарына қосымша біліктілік куәліктер тапсырды.
Еңбек нарығын дамыту және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2016 жылы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту жөнінде міндет қойған болатын. Осы міндеттерді орындау мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жасалғаны баршамызға белгілі.
"Сырдария" университеті аталған бағдарламаны, ондағы міндеттерді жүзеге асыру, хылықты әлеуметтік қолдау және оларды кәсіпкерлікке баулу мақсатында бағдарламаға алғаш рет қатысты. Оған университетіміздің мүмкіндігі мен материалдық-техникалық базасы, ондағы дәріс беретін профессор-оқытушылар құрамының кәсіби мүмкіндігі жетерлік.
Бүгінде "Сырдария" университеті 20 жылдық білім беру тәжірибесін арқаға тастап, сан-салалы тармақтарын кеңейтуде. Атап айтқанда бакалаврият, магистратура, ЖОО-на дейінгі дайындық бөлімі, сондай-ақ өткен жылы Техникалық және кәсіптік білім беретін Жетісай көпсалалы коллежді ашылып, қанатын кеңге жаюда. Қысқа ғана уақыт ішінде білім берудің сараланған сахнасына шығып отырған университетте, республика көлемінде іргелі ЖОО-ның біріне айналды.
Шалғайда орналасқандығына қарамастан республика деңгейінде өзінің беделін айқындап, абыройын асқақтатып жүргеніне дүйім халық куә. Білім, ғылым, спорт, өнер салалары бойынша да жеткен жетістігі жетерлік.
Өткен жылы ЖОО-ның ұлттық ретингісінде 20 орынды алған болса, үстіміздегі жылы 16 орынға табан тіреуі де жәйден-жәй емес. Оның өзі білім беру сапасы мен материалдық-техникалық базасының және профессор-оқытушылар құрамының қалыптасқандығының айғағы болар.
Ендігі кезекте университетіміз ауданымызда бос жүрген азамат-азаматшаларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсы арқылы кәсіпке баулып, үлкен өмір жолына жұмысшы маман ретінде куәлік беріп, кәсіпке қанат қақтыруды қолға алды.
Бұл бастаманың алғашқы қадамы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының реестрінен өту жұмыстарымен басталып, университет базасы палатаның барлық талаптарына сай келетіндігін көрсетіп, реестрден өтті. Бүгінде палатаның жұмысы мен игілігін көріп жүрген кәсіпкерлер жетерлік. "Атамекен" ҰКП құрылғалы, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік алып отыр. Университет пен Жетісай аудандық "Атамекен" ҰКП-сы арасында тығыз әріптестік орнатылып, көптеген мәселелер бірлесіп шешілуде.
Осыдан, Адами әлеуетті дамыту басқармасы және Түркістан облыстық өңірлік комиссиясының шешімімен "Сырдария" университеті қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын жүргізуге толыққанды мүмкіндігі бар деп шешіп, 4 біліктілік бойынша 80 орын бөлінді.
Біздің бұл бағдарламаға қатысуымыздың өзі, белгілі деңгейдегі қажеттіліктерден туындағаны белгілі. Даярлап отырған мамандықтарымыздың барлығы Жетісай аудандық Жұмыспен қамту орталығының сұранысына сай, ауданымызға қажетті деген мамандықтар таңдалды.
Атап айтқанда: Күтуші, Аспаз, Тігінші, Жеміс-көкөніс өсіруші біліктіліктері бойынша білім алушылар 3 ай көлемінде оқып шығып, жоғарыда аталған біліктіліктерге ие болды. Әрбірі ауданымызға ауадай қажетті мамандар.
Күтуші біліктілігін алып шыққан мамандар ауданымызда ашылып жатқан көптеген балабақшалардағы кәсіби маман тапшылығын толтырса, Аспаз біліктілігінің бітірушілері ауданымыздағы мейрамхана, асхана, балабақша, мектеп т.б. асханаларында толыққанды қызмет атқаруға мүмкіндік алады. Ал тігінші біліктілігін даярлауда унивреситеттің мүмкіндігі аса жоғары. Оқу ордамызда неше жылдық тәжірибені арқаға тастаған Дизайн мамандығының оқытушылары қызмет атқарады. Тігіншілік кәсіп - бүгінгі күннің таптырмас кәсібіне айналып отыр. Сондай-ақ Жеміс-көкөніс өсіруші мамандарына соңғы 3-4 жылдың көлемінде, қатты қажеттіліктер туындауда. Жетісай, Мақтарал аудандары біраз жылдан бері мақтадан осы аталған жеміс-көкөніс өсіруге көптеп ден қоя бастады. Мақта өсіріп жүрген диқандар жеміс-көкөніс өсіруде қиыншылықтарға тап болуы, аталған мамандардың сұранысқа ие екендігін айқындайды.
Осы аталған мамандықтарға оқуға өтінім берген аудан тұрғындарын тиімді ұйымдастырып, оқуға жолдама берген Жетісай аудандық Жұмыспен қамту орталығы және ондағы жауапты мамандардың тиянақтылығы мен жауапкершілігін баса назарға алып кетуіміз қажет. 3 ай көлемінде кәсіптік оқыту курсын үйлестіру, оның жүйелі жүргізілуін, білім алушылардың сабаққа қатысуын қадағалап, жүйелі жұмыстар жүргізілді.
"Еңбек" бағдарламасы аясында бітірген білім алушылар алдағы уақытта мемлекеттен тиімді көмектер алып, кәсіп бастауына мүмкіндік алады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына жолдауында "Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырамын. Бұл мәселе жөніндегі ұстанымым белгілі: бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуы тиіс" - дегені, алғаш кәсіп бастайын деп отырған халыққа үлкен сенім мен күш-жігер сыйлайды. Университетте білім алып, біліктілік алған білім алушылар алдағы өмір жолында өзінің жеке кәсібін ашып, мемлекетіміздің саяси-экономикалық әлеуетінің артуына үлес қосады деп сенеміз.
"Сырдария" университеті нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту шараларын, еліміздің кез келген игі бастамалар мен бағдарламаларын жүзеге асыруға даяр екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Оған оқу ордамыздың рухани да, материалдық та әлеуеті жетерлік.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсының жетекшісі, Жетісай көпсалалы колледжінің директоры Н.С. Файзиев
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет