Guest speaker: театр менің өмірім

SU Students’ Union ұйымдастыруымен кезекті Guest speaker іс-шарасы өтті. Бұл жолғы спикер Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының режиссері, Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты Тілеген Ахметов.
Студенттер мен режиссердің сұхбат өте қызықты өтті. Тілеген Ахметов жастарға өзінің кинодағы алғашқы қадамдары мен ең бірінші картинасы туралы, «Қайран Шәмші» сияқты деректі фильмдерінің жетістігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттер режиссердің түсірілім кезінде болған қиындықтар мен қызық оқиғаларын қызыға тыңдады.
Бұл кездесу біздің университет үшін өте ерекше шара деп білемін. Режиссердің келуін біз бірнеше күн қатарынан тағатсыздана күттік. Осы сұхбат студенттердің есінде мәңгі сақталып қалатын болар. Себебі, фильмдерді көрген бір бөлек, ал режиссерге тікелей сұрақ қоюдың әсері мүлдем басқаша, – деді кездесуге қатысушы студенттер.
Шеберлік сағатынан соң, студенттер даңқты режиссермен бірге суретке түсіп, одан қолтаңба да алып үлгерді. Жақын арада Жетісай драма театрында тұсауы кесілетін қойылымдарды көпшілікке режиссердің өзі таныстырды.