Университетімізде қонақта...

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің география ғылымдарының докторы, профессор Орденбек Мазбаев университетімізде болып, «Тарих және география» білім бағдарламасының студенттерімен кездесті. 
Профессор оңтүстік өңірдегі «Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында өткізген жиыны барысында білім алушыларға экспедицияның маңыздылығын атап өтті. Аталған мамандық бойынша білім алып жатқандар келешекте оқытушы-ұстаз ғана емес, қойнауы кең жерімізден әлі де зерттелмей жатқан құнды дүниелерді табу барысында түрлі экспедиция жасайтын ғылыми топты басқарушы немесе мүшесі болуы да мүмкін. Сондықтан еліміздегі тарих және геграфия саласындағы зерттеу жұмыстарының қалай жүріп жатқаны, ондағы зерделенген дүниелер төңірегінде сөз қозғады. 
Қазақстандағы қыпшақ мәдениеті, Қашқар экспедициясының «Ұлы Жібек жолындағы бағыттары», Қазақстандағы туризмнің дамуы жайлы да баяндады. Сонымен бірге, бұл тақырып төңірегіндегі оқу процестері де айтылды. Студенттер мен оқытушылардың зерттеу тақырыптарының критерилеріне назар аударды. «Тақырыптар кафедраның ғылыми бағытына сәйкес болуы керек, сонымен қатар ол экономиканың әртүрлі салалары үшін теориялық, практикалық, қолданбалы маңызы бар міндеттерге жауап беруі тиіс», деп атап өтті Орденбек Мазбаев.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.