«Қош келдің Әз-Наурыз» тәлімгерлік ашық сабақ
2025 жылдың 28 наурыз күні «Дизайн» кафедрасының тәлімгері Калабаева Қызбала Райымбековна және Рахимов Бабур Фархадовичтің ұйымдастыруымен ПиК 24-1к2, Пик 24-14к2 ПиК 24-1к3 топтарының студенттерімен бірге «Қош келдің Әз-Наурыз» тақырыбында тәлімгерлік ашық сабақ өтті.
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жылымызда келді.
Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға С.Б. Ботаеваның кандитатурасын ұсыну туралы
Ботаева Сауле Байзаховна
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі,
техника ғылымдарының кандидаты
21100 – «Компьютерлік ғылымдар және информатика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға С.Б. Ботаеваның кандитатурасын ұсыну туралы
💾 Халықаралық рецензияланған журналдардағы жарияланымдар тізімі. DOC PDF
Хабарландыру
27.03.2025 жылы сағат 10-30-да 211 аудиториясында аға оқытушы Туманова Гульзада Аскаровнаның «Сольфеджио» пәні бойынша ПиК-24-13к тобына «Сольфеджио сабағындағы музыкалық диктант» тақырыбында практикалық ашық сабақ өтіледі.
«Педагогика және өнер» факультеті
«Саз және ән» кафедрасы
«Ауызша іскерлік коммуникация» ашық сабақ
26 наурызда «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының оқытушысы Б.Д. Әсілбекова «Ауызша іскерлік коммуникация» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Студенттер білімдерін кеңейтіп, іскерлік қарым-қатынастың маңызды аспектілерін талқылау мүмкіндігін жіберіп алған жоқ! Сабақ қызықты және танымдық өтті, студенттер тапсырмаларды орындауға белсене қатысты.
«Бүйрекүсті бездері» ашық сабақ
Сабақтың мақсаты: Құрылысы. Милы қабатының гормондары. Қыртысты қабатының гормондары.
Құттықтаймыз!
Құрметті достар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – бұл көктемнің келуі ғана емес, халқымыздың ежелден бері ұстанған құндылықтарының жаңғыруы, болашаққа деген сенімнің нығаюы. Бұл мереке – бірлік пен татулықтың, мейірім мен жасампаздықтың символы. Ежелден дана халқымыз бұл күнді ынтымақ пен жаңарудың бастауы деп біліп, жаңа жоспарлар мен игі бастамаларға қадам басатын сәт ретінде қабылдаған.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВТІҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ: Ж. А. Тәшеневке “Халық Қаһарманы” атағын беру ұсынылды 2025 жылғы 20 наурызда Шымкент қаласында қазақ елінің көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Тәшенев университетінің түлектері Шымкент қаласындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты
2025 жылдың 20 наурызында Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Еңбек адамы – Елдің байлығы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Шымкент қаласының прокуратурасының ұсынысымен ұйымдастырылды.
Жұмабек Тәшеневтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою
Интеллигенция өкілдері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері Жұмабек Тәшенев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Шымкент қаласындағы Ж.Тәшенев атындағы көшеде орналасқан мемлекет қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, университет оқытушылары мен студенттер қатысты.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек: