«Қош келдің Әз-Наурыз» тәлімгерлік ашық сабақ

2025 жылдың 28 наурыз күні «Дизайн» кафедрасының тәлімгері Калабаева Қызбала Райымбековна және Рахимов Бабур Фархадовичтің ұйымдастыруымен ПиК 24-1к2, Пик 24-14к2 ПиК 24-1к3 топтарының студенттерімен бірге «Қош келдің Әз-Наурыз» тақырыбында тәлімгерлік ашық сабақ өтті.
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жылымызда келді. 
Бойларына қазақылықтың нәрін сіңіре білген студент жастарымыз салт-дәстүрмен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптардың жиынтығын көрсетті. Наурыздың шаттыққа толы сәтін әсем әнмен, мың бұрала билеген бишілер, сонымен қатар «Қыз ұзату» көрінісінен қойылым құрып керемет мерекелік көңіл - күй сыйлады. Берекелі жыл болсын, Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз құтты болсын!!! 
 

Оқиға категориялары