«Академиялық сурет» пәнінен ашық практикалық сабақ
11.04.2025ж. «Педагогика және өнер» факультетінің «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Рахимов Бабур Фархадович Академиялық сурет пәнінен Пик 24-1к-3 тобының білім алушыларына «Графикалық суреттерді стильдеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқытушы сабаққа кіріспе жасап, дизайн және графика салаларындағы стиль және стильдеу тарихына кеңінен тоқталды. Әлемдік суретші, дизайнерлердің шығармашылық стильдерімен студенттерді таныстырды.
«FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» республикалық ғылыми-практикалық конференция
2025 жылғы 11 сәуір күні «FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған республикалық ғылыми- практикалық конференция өтті. Конференцияға жас ғалымдар, магистрлер, докторанттар және студенттер қатысты. Университетіміздің ректоры, т.ғ.к., профессор Байболов Қанат Сейтжанұлы конференцияның ашылуымен құттықтап, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Пленарлық отырыста Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, SDU университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Әуезов атындағы зерттеу университеттерінің магистр, докторанттары, студенттері баяндама оқыды.
Семинар-тренинг: «Отбасы тәрбиесінің қазіргі қоғамдық талаптарға сай даму ерекшеліктері»
10.04.2025 жылы «Педагогика және өнер» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистр, аға оқытушы Атаева Жадыра Муханқызы ұйымдастыруымен «Отбасы тәрбиесінің қазіргі қоғамдық талаптарға сай даму ерекшеліктері: педагогикалық және психологиялық жолдар» тақырыбында ПИК-24-6к, ПИК-23-7к семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты – қазіргі қоғамдағы отбасы тәрбиесінің маңызын ашу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты педагогикалық және психологиялық тұрғыдан талдау, қатысушылардың кәсіби көзқарасын кеңейту, практикалық дағдыларын дамыту.
Ашық есік күні
Ж.А. Ташенев атындағы университетте ашық есік күні!
2025 жылғы 8-9 сәуір аралығында «IT және шетел тілдері» факультеті №125 «High School» мектебінің түлектерімен кездесу ұйымдастырды.
- Не қызықты болды:
- Университетке экскурсия.
- 414-ші аудиторияда білім беру бағдарламаларын таныстыру.
- Компьютер сыныптарында сынама тестілеу.
Оқушылар студенттік өмірдің атмосферасына еніп, болашақ мамандықтары туралы бәрін білді!
Шақыру
- Read more about Шақыру
- 1 view
Құрметті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінің бітіруші курс студеттері!
Сіздерді 2025 жылдың 24 сәуірі күні сағат 10.00 де Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 3/10 («АҚ ҮЙ») мекен-жайында өтетін «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ» шақырамыз!
ЗАМАНАУИ ҰСТАЗ: ИНТЕЛЛЕКТ, ШАБЫТ, ШЕБЕРЛІК АТТЫ XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИПИАДАСЫ
9.04.2025 жылы Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы жоғары орындары студенттері арасында 6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «Заманауи ұстаз: интеллект, шабыт, шеберлік» атты XVI Республикалық пәндік олипиадасы өтті. Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультетінің, Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының 6В01301-Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдіснамасы білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушыларынан құралған «Білім Нұры» командасы қатысып, «Білім мен шабыттың ұжымы» номинациясымен марапатталды.
«Қатты денелердің құрылымы және оны анықтау тәсілдері» атты ашық сабақ
«Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті
«Математика және информатика» кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к., Абдукаримова Улжан Сейдрамановна 09.04.2025жылы ЕП-24-14к студенттеріне «Молекулалық физика және термодинамика» пәнінен «Қатты денелердің құрылымы және оны анықтау тәсілдері» атты ашық сабағы өтті.
Бос орындар жәрмеңкесіне ШАҚЫРУ
Университет ХАБАРЛАНДЫРУЫ!
Жұмыс берушілерді 2025 ж. түлектерге арналған Бос орындар жәрмеңкесіне ШАҚЫРУ!
Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университет жұмыс берушілерді 2025ж. түлектерге арналған Бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырады. Іс-шарада Сіз өз мекемеңізді таныстыра аласыз, білікті мамандарды таңдап, сұхбат жүргізе аласыз және университеттің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығымен одан әрі ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыра аласыз.
«Топырақ құнарлығын анықтау» ашық сабақ
09.04.2025 ж. сағат 10:30-да «Химия және биология» кафедрасының PhD, аға оқытушы Ш.С. Муминова ЕП-23-9к тобына «Қолданбалы биология топырақтану негіздері» пәнінен «Топырақ құнарлығын анықтау» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Өтілетін орны: 112 А.
Параллелизацияның технологиялық аспектілері
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессоры, аға оқытушысы Тажигулова А.И ашық сабақ жоспары бойынша 08.04.2025 жылы «Паралельді сынақтаулар архитектурасы» пәні бойынша ИЭФ-22-13к топбына «Параллелизацияның технологиялық аспектілері. Алгоритмді параллель орындалатын есептеу фрагменттеріне декомпозициялау» тақырыбында дәріс дискуссия өткізді. Дәріс жоғары деңгейде өтті. Сабақ құрылымы нақты, мақсат пен міндеттер айқын қойылған. Профессорымыз заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдана білді. Студенттердің белсенділігі жоғары болды, тақырыпты жақсы меңгергені байқалды.