Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
- 1 view
Тәшенев университетінің түлектері Шымкент қаласындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты
2025 жылдың 20 наурызында Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Еңбек адамы – Елдің байлығы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Шымкент қаласының прокуратурасының ұсынысымен ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге қалалық прокуратура өкілдері, Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жаннат Өтебаева, Еңбек мобильдігі орталығының мамандары және 100-ге жуық жұмыс беруші қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарға бос орындар туралы ақпарат беру және мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндіру болды.
Жәрмеңкеге Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің бітіруші курс студенттері де қатысып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату, сұхбаттасу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты. Бұл іс-шара түлектер үшін еңбек нарығындағы сұраныстармен танысуға және болашақ мансаптарын жоспарлауға үлкен мүмкіндік берді.