Хамраева Розалина Талипжанқызы

6В01400-Тарих мұғалімдерін даярлау
Мен мектепте он бір жыл оқыдым және осы мерзім аралығында менің тұлғалық ерекшеліктерімді айқындаған көптеген мұғалімдер сабақ берді. Олардың әрқайсысы менің жүрегімде ерекше із қалдырып, менің болашақ өмірілік жолымды анықтауға жәрдем берді.
Қазіргі таңда көптеген мамандық түрлері бар және кез-келген адамның алдында өз өмірін қандай кәсіп түрімен байланыстыру мәселесін шешуші күрделі таңдау тұрады.

Режеп Аяулым Уримханқызы 

6В04102-Қаржы

Мен  2022-2023 оқу жылында Ж.Ташенев  университетін  2600 ден астам  түлектермен бірге мен де бітіріп шықтым. Олардың әрқайсысы еліміздің түрлі өңірлерінде жемісті қызмет етіп жүр.
Жасай бер, жайнай бер,  Ж. Ташенев  университеті! Өзіңнен әлі талай түлектің түлеп  ұшатынына сенім мол!
 

Байдет Мейірхан Рахматтулаұлы

6В 06101-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 

Ж.Ташенев университеті – бұл менің студенттік өмірім өткен оқу орным. Мен қашанда өзім білім алған оқу орныммен, ұстаздарыммен мақтанамын. Білікті профессор, оқытушылардың тәлім – тәрбиесі бізді алысқа қанат қақтырды. Шәкірт үшін ұшқан алтын ұясы қашанда ыстық сезіледі. Өзінің білім алып шыққан оқу орнымен мақтану әрбір шәкірт үшін маңызды.

 

Академиялық ұтқырлық

«6В01702 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері Тораева Азиза, «6В01704 – Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» Бабаханова Диёна, Розакулова Гүлноза, Гултораева Дильноза, Атажанова Дилдора, Мухамедамин Фарангиз кезеңнен 2024 жылдың 2 қыркүйегінен 2025 жылдың 30 қаңтарына дейін Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде және Ташкент қаласындағы Альфраганус университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда, мұнда университеттің жетекші ғалымдары мен оқытушылары сабақ бе

«Coursera» бағдарламасы бойынша оқыту

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ташенев университетінің білім алушылары үшін "Coursera"бағдарламасына гранттар бөлді. Бұл бағдарламаның мақсаты қазақстандық студенттерді әлемнің озық университеттерінің онлайн курстарында оқыту болып табылады. Студенттер мамандық бойынша жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдыларды, сондай-ақ тиісті жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік беретін ресурстарға қол жеткізеді. "Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау" ББ студенттері 40-тан астам курстан өтіп, 40-тан астам сертификат алғаннан кейін онлайн оқытудың осы бағыты бойынша төсбелгілер алды.

Оқиға категориялары