Шеберлік дәріс

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті студенттер, жас ғалымдар және профессор-оқытушылар құрамы!
Білімгерлердің ізденуге деген қабілеттерін жетілдіру мен оқуға құштарлығын ояту мақсатында «IT, экономика және құқық» факультеті аптасына бір рет «Кәсіби даму» күнін жариялап отыр.

Мамандық таңдау кеш

2023 жылдың 29 қараша күні  «Экономика және құқық» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушы С.М. Туралина, э.ғ.м., аға оқытушы  К.М.Уйсынбаева, Сапарбаева Э.А., магистр, оқытушы - Б.К. Есимбекова «Атамекен»  ЖББ КММ, «Достық» ЖОМ КММ,  М.Исламкулов атындағы ЖОМ Ордабасы ауданындағы 11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдарын «Мамандықты дұрыс таңдау-баянды болашақтың бастауы» атты мамандық таңдау кешіне қатысып, кәсіптік бағдар жұмысын атқарып үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізді.

Ғылыми семинар

2023 жылдың 29 қараша күні IT, экономика және құқық факультетінің «Экономика және құқық» және  «Ақпараттық коммуникациялар технологиялар» кафедасымен бірлесіп «Студенттерді Ғылыми жұмыстарға айналысуға, мақала жазуға, шығаруға үйрету, ғылыми жобаларға қатысу жайлы  кеңес беру» атты тықырыбында ғылыми семинарды өткіздік. Баяндамаларды кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы Абдурахманова З.А. – э.ғ.м., аға оқытушы, Жасан Г.Ж, Татимова М.Н.  жасан дайындап презентация  арқылы ақпаратты жеткізді.

Шеберлік дәрісі өтті

Президент сыйлығының  лауреаты,  танымал журналист, публицист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қоғам қайраткері Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов Ж.А.Ташенев атындағы университеті филология факультетінің білім алушыларына 29 қараша күні «Бүгінгі балалар әдебиеті» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізді. Дәріске университеттің тәрбие жөніндегі проректоры з.ғ.к. Ғ.Ш.Битұрсын, факультет деканы, ф.ғ.к. А.А.Мамыт, Шетел тілдері кафедрасының  меңгерушісі, ф.ғ.к. Ж.Н.Ботабаева және факультеттің оқытушылары қатысты.

Ғылыми кеңес мәжілісі

Бүгін университетімізде ең маңызды жиындардың бірі - ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ өтті.

Мәжіліске университет ректоры мен проректорлар, кафедра меңгерушілері мен бөлім басшылары, жастар саясаты өкілдері қатысты.

Жиын барысында Tashenev University ғылыми журналын шығару мәселесі мен перспективасы, жастардың өзін-өзі басқару қызметі мен білім беру саласындағы даму бағыттары талқыланды.

Шеберлік дәріс

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті студенттер, жас ғалымдар және профессор-оқытушылар қүрамы!
Білімгерлердің ізденуге деген қабілеттерін жетілдіру мен оқуға қүштарлығын ояту мақсатында Филология факультеті аптасына бір рет «Кәсіби даму» күнін жариялап отыр.
Осыған орай, Президент сыйлығының лауреаты, танымал журналист, публицист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қоғам қайраткері Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов білім алушыларға «Бүгінгі балалар әдебиеті» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізеді.

Семинар-тренинг

Хабарландыру
Құрметті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінің профессор оқытушылары!
Түркия Республикасы Кония қаласы Сельджук университетінің профессоры Мұстафа Демирчи мырзаның «Түркиядағы академиялық қызмет және тәжірибе» тақырыбында семинар тренинг өткізіледі.
Өткізілетін уақыты: 2023 жылдың 29 қараша күні, сағат 14:20 да.
Өткізілетін орны: Гагарин көшесі, 22А.
Ескерту: кафедра меңгерушілері сабақтан бос ПОҚ-ң толық қатысуын қамтамасыз ету тиіс.
 

"Парасат майданының мұзбалағы" атты кеші

Ж.А.Ташенев атындағы университеттің білім алушылары қалалық Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Тәкен Әбдік шығармашылығына арналған "Парасат майданының мұзбалағы" атты кешке қатысты. Кешке Жазушылар Одағының төрағасы Дәркен Танабаев, Ж.А.Ташенев университетінің аға оқытушысы Рана Арынбаева т.б. қатысып, білім алушылардың автор шығармаларын талдауына баға беріп, сәттілік тіледі. Аталған университеттің 1курс студенті Аман Рахат домбырамен әуендетіп, ән салып, тыңдармандарды бір серпілтіп тастады.

 "Қазақ тілі және әдебиеті" кафедрасы

Кафедра туралы

Кафедра тарихы  1999 жылы 1 қазаннан басталады. Кафедра  қазақ тіл мен әдебиеті,өзбек тілі мен әдебиет  мұғалімдерін даярлайды. Білім  саласында жүйелі білім қалыптастыра алатын,оқу үрдісін заманауи талаптарға сәйкес деңгейде ұйымдастыру қабілетіне ие, ғылыми зерттеулерді,жобалық жұмыстарды,   жүзеге асыра алатын қазақ тілі мен әдебиеті , өзбек тілі мен әдебиет мұғалімін дайындауда үздіксіз қызмет атқаруда. 

Оқиға категориялары