Волейбол үйірмесі
«Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «Волейбол үйірмесі» жұмыс жасап келеді. Жетекшісі ғ.м., аға оқытушы Битөриев Асылбек Сәбитханұлы , Бектен Жарқынбек Әшірбекұлы. Үйірменің жылдық жоспары бекітілген, үйірмеге 90 білім алушы қатысады. Білім алушы волейбол ойынының ережелерімен, волейбол ойнаудың дағдылары арқылы жаттығулардың, эстетикалық мәдениетін дұрыс ойлаумен және дамытуымен, дұрыс тыныс алу ережелерін үйретіп, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Футбол үйірмесі
«Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «Футбол үйірмесі» жұмыс жасап келеді. Жетекшісі ғ.м., аға оқытушы Козбаев Ерлан Усербайұлы. Үйірменің жылдық жоспары бекітілген, үйірмеге 120 білім алушы қатысады. Білім алушы футбол ойынының ережелерімен, футбол ойнаудың дағдылары арқылы жаттығулардың, эстетикалық мәдениетін дұрыс ойлаумен және дамытуымен, дұрыс тыныс алу ережелерін үйретіп, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
ЖАТАҚХАНА БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін университетіміздің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры – Ғалымжан Шәмшідинұлы Битұрсын жатақханадағы жастармен кездесіп, тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатында студенттерге жатақхана тәртібі мен талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.
Құттықтаймыз!
Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Аккузов Абдыжалил Абуталипұлы «Сын есімдердің жұмсалымы (функционалды-семантикалық талдау)» атты электронды ғылыми туындысына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге енгізіліп, 3 қыркүйек 2024 жылы «Авторлық куәлік» табысталды.
Жас мамандарға сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында жеткен жетістіктері мен елеулі еңбектері үшін Аккузов Абдыжалил Абуталипұлына шынайы алғыс білдіреміз.
СТУДЕНТТЕРМЕН АДАЛДЫҚ САҒАТТАРЫ ӨТІЛУДЕ
Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдықты дәріптеу мақсатында тәрбие сағаты өтті. Шарада әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғ.Битұрсын, З.Тултабаев, және К.Уйсынбаева дәріс өтті. Тәрбие сағатында сыбайлас жемқорлықтың зияны, адалдықтың маңызы мен қоғамдағы рөлі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға заңсыздықтардың алдын алу жолдары, адалдық қағидаттарын ұстанудың қажеттілігі және болашақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.
«Сахна қозғалысы» үйірмесі
«Саз және ән» кафедрасы «Сахна қозғалысы» атты үйірмемен жұмысын 2024-2025 оқу жылынан бастап ұйымдастырып, студенттермен жұмыс жасап келеді. Үйірме жетекшісі: PhD,аға оқытушы Д.К.Азизханова. Үйірмеге қатысушы студенттер жетекшіге өздерінің ризашылықтарын білдіруде.
Хор үйірмесі
«Саз және ән» кафедрасында «Хор үйірмесі» 02.09.2024 оқу жылынан бастап жұмыс жасап келеді. Жетекшісі: ҚР мәдениет қайраткері Мажитов Улукбек Халматович.Үйірменің жылдық жоспары бекітілген.Үйірмеге 25 студент қатысады. Студенттермен ән айтудың музыкалық ережелерімен,ән айту дағдылары мен вокалдық жаттығулармен, эстетикалық мәдениетін дұрыс ойлаумен және дамытумен дұрыс тыныс алу ережелерімен үйретіп жұмыстар жүргізілді.Қазіргі уақытта Ж.А. Тәшенов атындағы университеттінде ұйымдастырылған бірнеше іс-шараларда өз өнерлерін көрсетуде.
TASHENEV UNIVERSITY – БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің студенттері үшін салтанатты БІЛІМ КҮНІ шарасы өтті.
Ж.Тәшенев университеті – техникалық мамандықтарға ғана емес, гуманитарлық мамандықтарға да басымдық беріп, заман талабы инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыруды қолға алып, жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, техникалық ауыл шаруашылығы, сервистік және ветеринария салаларында білім береді.
Конституция күнімен!
Құрметті Тәшенев университетінің студенттері мен ұжымы!
Қадірлі достар!
Университет атауын өзгерту
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының занды тұлғаларды тіркеу басқармасының құжаттамасымен Тәшенев университеті 2024 жылғы 28 тамыздан бастап «Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ болып өзгертілді.
Заңды тұлғаның уәкілетті органымен тағайындалған басқарушысы - АЯШЕВ ОНАЛБАЙ АЯШҰЛЫ.
Университет ұжымын құттықтаймыз!
💾 PDF. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тiркеу туралы анықтама