Білім беруде Блум таксономиясы бойынша сабақ өтудің тиімділігі
- 1 view
14.04.2025 ж. «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің, «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасында аға оқытушы Сәрсекенова Акзира Жұпханқызының оқу жылына жоспарланған ашық сабағын «Дүниетану және жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі» пәнінен 3 курс 6В01301-Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Білім беруде Блум таксономиясы бойынша сабақ өтудің тиімділігі» тақырыбында ашық сабағы болып өтті.
Сабақтың мақсаты – білім алушыларға, педагогтарға және болашақ ұстаздарға оқыту процесінде Блум таксономиясын тиімді қолданудың жолдарын түсіндіру, оның оқу мақсатын нақтылаудағы және оқушылардың ойлау дағдыларын дамытудағы рөлін көрсету.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Ашық сабақ барысында заманауи технологияларды, кім жүйрік, ойлан, бірік, бөліс әдістері және кластер, венн диаграммасы, бейнежұмбақ, перфокарта көрнекіліктері, интерактивті тақта, ойланудың алты қалпағы әдістер, миға шабуыл, топтық жұмыс, интербелсенді әдіс, кейс-стади, сергіту сәті сынды әдіс-тәсілдерді қолданды. Білім алушылар дәрісті толық игеріп, белсенді қатысты.
Ашық сабаққа: п.ғ.д., профессор Досбенбетова А.Ш., п.ғ.к., аға оқытушы Жапбарова Г.А., ғ.м., аға оқытушы Жораева Г.Б., ғ.м., оқытушы Бердібек А.М., ғ.м., оқытушы Әжмәмбет Ә.Е. қатысты.