Студенттер вильнюс университетімен тәжірибе алмасады

6В01502 физика мұғалімін даярлау мамандығының 1 курс студенттері механика пәнінен зертханалық жұмыстарын істеу барысында.
Оқытушы “Математика және информатика” кафедрасының меңгерушісі PhD., доцент С.А.Пазылбек Университет студенттері Вильнюс университетімен жасалған келісім-шарт негізінде академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмаса алады. Кафедраның ғалым оқытушылары PhD. С.А.Пазылбек (физика, наноматериалдар) пен PhD. Ә. Ә. Сәрсенбі (математика) шетелдік ғалымдармен бірге тығыз жұмыс жасауда.

 

Конкурс жариялау

? 26.09.2023. Хабарландыру

«Ж.А. Тәшенев атындағы Университеті» Әкімшілік-басқару құрамы қызметкерлерінің бос орындарына орналасуға  конкурс жариялайды:
1. Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор – 1 бірл.
2. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры – 1 бірл.
3. Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – 1 бірл.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен  бастап 14 күнтізбелік күннен кешіктірілмей берілуі тиіс.

Tashenev University құрылтайға қатысты

Тараз қаласында Қазақстан студенттерінің Альянсы Республикалық студенттер қозғалысының оңтүстік өңірлік бірінші құрылтайы болып өтті. Құрылтай жұмысына Tashenev university студенттік жастар альянсының басшысы Аруза Аяпова мен спорт және дене шынықтыру факультетінің студенттік деканы Диана Жүрсіннің жетекшілігіндегі бір топ студенттер қатысты.

Талқы мазмұны – талап, тәртіп, тәрбие

Университетіміздің ІТ құқық және экономика факультетінде арнайы мәжіліс өтіп, оған университеттің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын қатысты.
Мәжілісте кафедра меңгерушілері бірінші курс студенттерін топтарға бөлу, белсенді студенттер ішінен топ басшыларын бекіту жұмыстары бойынша есеп берді. Білім алушыларға бекітілген аға тәлімгерлер оқу, білім беру процесі мен тәрбие жұмыстары барысындағы қолға алынған тәлімгерлік іс-шаралар жөнінде мағлұмат берді.

Әдістемелік семинар өтті

2023 жылдың 14-15 қыркүйек күндері Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқу пәндерінің оқу-әдістемелік кешендер құжаттарының мазмұны және әзірлеу әдістемесі» тақырыбында жас оқытушыларға арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты: жас оқытушыларды пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптармен, әзірлеу және бекіту тәртібімен таныстыру.

Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі

Қазақ қашанда қызын сыйлаған, құрметтеп, тең көріп, еркелете ерке өсірген дана халық емес пе?!
Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.

Жастарға жігер берген жүздесу

Оқу ордамызда әлеуметтік және тәрбие құрылымының ұйымдастырумен Семей ядролық полигонында әскери қызмет атқарып, полигонның жабылуына үлес қосқан ардагерлермен еркін форматта кездесу өтті.

Tashenev university жаңа буын мамандар даярлап шығарады

Tashenev University ректоры Қанат Байболовтың жетекшілігімен өткен мәжілісте университеттегі оқу процесі үдерістерін тиімді ұйымдастыру, студенттер арасындағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Көтерілген мәселелер бойынша университеттің әлеуметтік және тәрбие мәселелер жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын хабарлама жасап, осы бағытта атқарылған жұмыстар мен жоспарлы бастамалар жөнінде ақпар берді.

«Сенім жәшігі» қойылды

«Tashenev Jastary» және «Auezov Jastary» қоғамдық қорлары бірлесе отырып қала жастары арасындағы қылмыс буллинг және психатропты есірті заттарының алдын алу мақсатында «Сенім жәшігі» жобасы аясында студенттермен кездесу болып өтті.

Жастарды жат ағымнан сақтандырды

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының бастамасымен және Tashenev University Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Noextremizm, noterarizm» тақырыбында студенттермен кездесу болып өтті.

Tashenev University мәжіліс залында өткен шараны дінтанушы Дәлелхан Оспанов жүргізіп отырды. Дәлелхан Қоңырбайұлы студенттерді қазіргі таңдағы діни кереғар ағымдағы бейнежазбалардан сақ болуын ескертті.