«Күйдің динамикалық шартты белгілерін меңгеру» жеке практикалық ашық сабақ
- 1 view
«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Спорт және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының ҚР мәдениет қайраткері, магистрант, аға оқытушы Қайнарбаева Айгүл Қалмаханқызының 15.10.2024 күні Гагарин көшесі-22 корпусында ПиК-24-4к 1-курс студенттерімен «Домбыра-І» пәнінен «Күйдің динамикалық шартты белгілерін меңгеру» тақырыбы бойынша жеке практикалық ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ өте жоғары деңгейде, талапқа сай жүргізілді.Тақырыпты ашу барысында оқытушы күйдің шығу тарихын аңыз түрінде баяндап, әрбір динамикалық белгілерге ерекше тоқталып, оның күйді тарту барысындағы атқаратын маңыздылығы мен рольін жеке-жеке талдап көрсете білді.Студенттер үшін бұл тақырып өте қызықты әрі түсінікті болды.Сабақ барысында сергіту сәті де қолданылды. Ұлттық аспаптарды да жеке таныстыра отырып, олардың дыбысталу ерекшелітеріне көңіл бөлді. Студенттермен бірге екі дауыста күй ойнап, сол күйдің динамикалық белгілерін күйді тарту барысында нақты көрсетіп түсіндіре білді. Студенттерге таныс емес күйді тыңдатып, сол күйді қағаз бетіне суреттеу арқылы күйге тақырып қою тапсырмасы берілді. Сабақ өте тартымды әрі қызықты өтті.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет