Университет ұжымын университеттердің ұлттық рейтингісіндегі жетістіктерімен құттықтаймыз!
2020 жылғы 15 мамырда жарияланған Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нәтижелері бойынша "Сырдария" университеті жинаған көрсеткіш – 6924-6287 балды құрап, тағы да үздіктер cапынан көрініп отыр.
Университет Қазақстан ЖОО арасында топ-20 көрсеткіші бойынша 17-орынды иеленді.
XII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуы
"Сырдария" университеті ҚР ЖОО-ның студенттері арасындағы XII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін дипломмен және алғыс хаттарымен марапатталды
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттінде өткен 5В011000 – «Физика» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІІ Республикалық пән олимпиадасында командалық есепте ІІ орын алғаны үшін «Сырдария» университеті марапатталады.
Жас ғалымдардың Республикалық байқауы
Құрметті студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар!
Сіздерді Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы ойшылдар арасындағы сабақтастық» тақырыбында Жас ғалымдардың республикалық ғылыми жұмыстар байқауына қатысуға шақырамыз!
Бағыттары:
Онлайн эссе жазу байқауы
Құрметті мектеп оқушылары, ЖОО студенттері және магистранттары!
Сіздерді «Абай бар қазақ асқақ қашанда!» атты онлайн эссе жазу байқауына қатысуға шақырамыз!
Құжаттар 20 мамырға дейін nauka.syrdariya@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданалы.
Телефон: +77013790424
Ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету мақсатында Студенттер, магистранттармен онлайн кездесу өткізілді
Ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету мақсатында Студенттер, магистранттармен онлайн кездесу өткізілді.
"Сырдария" университетінде талапкерлерге онлайн қамқорлық орталығы жұмыс істейді
"Сырдария" университетінде талапкерлерге онлайн қамқорлық орталығы жұмыс істейді. ҰБТ ережелері және білім беру бағдарламалары бойынша барлық сұрақтарға жауап ала аласыз.
"Сырдария" университетінде ректордың студенттермен онлайн кездесуі өтті
Елде төтенше жағдайдың енгізілуі "Сырдария" университетінің жұмыс жоспарларына әсер еткен жоқ. Ережеге сәйкес барлық жоспарланған іс-шаралар қашықтық форматта өтуде, вебинарлар, конференциялар мен байқаулар ұйымдастырылуда. 27-сәуірде университет ректоры Серік Дәулетұлы Мамраимовтың студенттермен онлайн-кездесуі өтті.
Айта кету керек, мұндай кездесулер қазірдің өзінде дәстүрге айналған. Оған студенттер мен оқытушылар үлкен қызығушылықпен қатысады, өйткені бірінші басшының өзінен сіз барлық қажетті ақпаратты, сұрақтарыңызға сауатты жауапты ала аласыз.
"Сырдария" университетіндегі қашықтықтан оқыту технологияларының жоғары білім сапасына әсері
Қашықтықтан оқыту технологиялар, технологиялар жиынтығы ретінде:
- студенттерге оқылған материалдың көп бөлігін жеткізуді қамтамасыз ету;
- оқу процесінде студенттер мен оқытушылардың интерактивті қарым-қатынас жасауы;
- студенттерге материалды өңдеуде, сонымен қатар оқу процесінде өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беру.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына арналған "Абайдың рухани мұрасы: білімнің бүгіні мен болашағы" атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі VI республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы
Құрметті әріптестер, жас ғалымдар мен студенттер!
2020 жылдың 10-сәуір күні "Сырдария" университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына арналған "Абайдың рухани мұрасы: білімнің бүгіні мен болашағы" атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі VI республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті.
Онлайн-конференцияның пленарлық мәжілісінде студенттер мен жас ғалымдарды "ф.ғ.к., доцент абайтанушы Абенова Л.У. құттықтады.
2019-2020 о.ж. 5В011000-"Физика" мамандығында оқитын студент Тәліп Динара педагогикалық практиканы өтуде
27.01.20 – 04.04.20 жыл уақыт аралығында "№1 М.Горкий атындағы мектеп-гимназия" КММ-нің Физика мамандығының 4 курс студенті Тәліп Динараның педагогикалық практикасындағы жаңартылған бағдарлама бойынша өткен сабақтары.