Университеттің оқытушылары мен студенттерінің «Интерактивті мультимедиа тақтасын тиімді пайдалану» курсы бойынша біліктілігін артыр

Оқу жылы: 2011-2012
Тыңдаушылар саны: 193

2012 ж. ақпан айынан бастап, мамыр айына дейін “Сырдария” университетінің  мультимедиалық оқу орталығында бітіруші студенттер үшін “Интерактивті  мультимедиялық тақтаны оқыту процесінде пайдалану” біліктілікті көтеру курстары ұйымдастырылды.

Курсты тыңдаушылар контингенті 192 студент болуына байланысты сабақтарды сегіз лекке бөліп оқыту  жоспарланды (төменгі кестедегідей).

 

Барлық сабақтар екі компьютерлік сыныптарда басқарылды: виртуалды кітапханада және қашықтан оқыту орталығында аудиториялар заманауи компьютерлік техникамен, яғни, интерактивтік тақтамен, проектормен және өте жылдам Интернетпен жабдықталған.

Бұл оқу курсы университет түлектерін болашақ педагогикалық қызметке жан-жақты сапалы дайындау мақсатында өткізілуде.

Осы курста қажетті білімдерді меңгеріп, сертификат алған жас мамандар, “Сырдария” университетінің түлектері заманауи компьютерлік технологияларды емін-еркін пайдаланып, білім беру мекемелерінде белсенді түрде педагогикалық қызмет атқара алады.

Оқу курсының сабақтары 60 сағаттан тұрады: олардың 12 сағаты лекция, 36 сағаты лабараториялық және 12 сағаты студенттің өзіндік жұмыс (СӨЖ) сағаты түрінде өтіледі.

Практикалық жұмыстарда студенттер Power Point қолданбалы бағдарламасын меңгерді, ол мультимедиа презентациясы дайындауға мүмкіндік береді.

Курс жетекшілерін С.Шпенглер мен С. Алтынбеков Сабақты өту мақсатында ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасын,  күнтізбектік тақырыптық жоспарын және оқу әдістемелік құралдарын жасап, солардың негізінде сабақтар өтілді.

Барлық сабақтар екі арнайы компьтерлік сыныптарда: заманауи компьтерлік техникамен, оның ішінде интерактивті тақта мен жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен жабдықталған виртуальды кітапхана мен қашықтан оқыту кабинетінде өткізілді.

Интерактивті тақтада ашық сабақтар өту үшін студенттер бірнеше күндер аралығында жеке баяндамалар Power Point қолданбалы бағдарламасында дайындады. Баяндамаларды қорғау кезінде басқа мамандықтардың студенттері және оқытушылар қатысып қосымша сұрақтар берілді.

Студенттерге баяндамаларды дайындау үшін бес жыл аралығында ҚОО-да өнделген 190 электронды оқулықтар көмекке берілді. Бұл оқулықтардан студенттер өздеріне керекті лекция мәтіндерін, сурет-галереядан суреттер, бейнелеулерді,  аудио және бейне-файлдар қолданды. Сонымен қатар, оқу барысында студенттер керекті мәліметтер тауып алу мүмкіндік беретін Интернет желісі қорын белсенді пайдаланды.

Оқу курсы аяқталғанда студенттерге екі апта бойы алған білімдерін растайтын сертификаттар берілді.

Студенттерге оқытушылардың дайындаған баяндамалар көрсетілді. Баяндамалар MS PowerPoint2003 бағдарламамен жасалған, әр баяндамада мультимедиа элементтерінен құралған: мәтін, суреттер, фото, видео және дыбыстар.

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.