Университеттің студенттерінің «Интерактивті мультимедиа тақтасын тиімді пайдалану» курсы бойынша біліктілігін арттыруының есебі

Оқу жылы: 2014-2015
Тыңдаушылар саны: 87

2014 жылы қазан айынан бастап, 2015ж. сәуір айына дейін виртуалды кітапханада бітіруші студенттер үшін “Интерактивті мультимедиялық тақтаны оқыту процесінде пайдалану” біліктілікті көтеру курстары ұйымдастырылды.

Курсты тыңдаушылар контингенті 304 бітіруші студент болуына байланысты сабақтарды бес лекке бөліп оқыту жоспарланды (3 лек – 1-ші жарты жылда, 2 лек – 2-ші жарты жылда), ал 87 студент осы курсы толық бітірді (төменгі кестеде көрсетілген).

 

Барлық сабақтар екі компьютерлік сыныптарда басқарылды: виртуалды кітапханада және мультимедиа сыныбында аудиториялар заманауи компьютерлік техникамен, яғни, интерактивтік тақтамен, проектормен және өте жылдам Интернетпен жабдықталған.

Бұл оқу курсы университет түлектерін болашақ педагогикалық қызметке жан-жақты сапалы дайындау мақсатында өткізілуде.

Осы курста қажетті білімдерді меңгеріп, сертификат алған жас мамандар, “Сырдария” университетінің түлектері заманауи компьютерлік технологияларды емін-еркін пайдаланып, білім беру мекемелерінде белсенді түрде педагогикалық қызмет атқара алады.

Оқу курсының сабақтары 60 сағаттан тұрады: олардың 12 сағаты лекция, 36 сағаты лабараториялық және 12 сағаты студенттің өзіндік жұмыс (СӨЖ) сағаты түрінде өтіледі.

Практикалық жұмыстарда студенттер MS PowerPoint қолданбалы бағдарламасын меңгерді, ол мультимедиа презентациясы дайындауға мүмкіндік береді.

Курс жетекшісі С.Шпенглер cабақты өту мақсатында ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасын, күнтізбектік тақырыптық жоспарын және оқу әдістемелік құралдарын жасап, солардың негізінде сабақтар өтілді.

Интерактивті тақтада ашық сабақтар өту үшін студенттер бірнеше күндер аралығында жеке баяндамаларды MS PowerPoint қолданбалы бағдарламасында дайындады. Баяндамаларды қорғау кезінде басқа мамандықтардың студенттері және оқытушылары қатысып қосымша сұрақтар қойылды. Студенттерге баяндамаларды дайындау үшін оң жыл аралығында өнделген 250 электронды оқулықтар көмекке берілді. Бұл оқулықтардан студенттер өздеріне керекті лекция мәтіндерін, сурет-галереядан суреттер мен бейнелеулерді,  аудио және бейне-файлдар қолданды. Сонымен қатар, оқу барысында студенттер керекті мәліметтер тауып алу мүмкіндік беретін Интернет желісі қорын белсенді пайдаланды. Баяндамалар MS PowerPoint 2003/2007 бағдарламамен жасалған, әр баяндамада мультимедиа элементтерінен құралған: мәтін, суреттер, фото, видео және дыбыстар.

Оқу курсы аяқталғанда студенттерге екі апта бойы алған білімдерін растайтын сертификаттар берілді.

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.