Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

2019 жылдың 1 қарашасы күні "Сырдария" университетінде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, фольклоршы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 178 жыл толуына орай "Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" атты әдеби-танымдық, тағылымдық кеш өтті.

Аталған шараның мақсаты – Ы.Алтынсарин шығармашылығын насихаттау арқылы жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу.

Сыртқы бақылау аудиті өткізілді

2019-2020 жылдың қазан айының 28-29 күндері университеттің сапа менеджменті жүйесін халықаралық ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес сыртқы бақылау аудиті өткізілді. Сыртқы бақылау аудитін Түрік стандарттары институтынан келген эксперттер Ekrem Kale, Mustafa Tikansak өткізді.

"Алтын күз" көрмесі

Ағымдағы жылдың 29 қазанында "Сырдария" университетінде "Жаратылыстану" факультетінің ұйымдастыруымен күзгі жеміс-жидектер мен көкөністерден жасалған "Алтын күз" көрмесі өтті.

Аталмыш көрмеге университеттің профессор-оқытушылары мен студент-жастары белсене қатысты. Студенттердің бәрі ұшқыр қиял иелері екендіктерін көрсете білді. Олар жемістің сан-алуан түрлерінен көз тартатын әдемі дүниелер жасаған.

Көрмені тамашалағандардың бойында молшылық пен берекенің мезгілі күздің бейне бір бау-бақшасына келгендей жақсы әсер қалдырды.

"МЕНІҢ ОТАНЫМ – МЕНІҢ ТУЫМ" атты патриоттық акция өткізілді

2019 жылдың 28 қазанында "Сырдария" университетінде "Nur Otan" партиясының бастамасымен "МЕНІҢ ОТАНЫМ – МЕНІҢ ТУЫМ" атты патриоттық акциясы аясында мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Республика бойынша бастау алған шараға "Nur Otan" партиясының өкілдері мен университет ұжымы қатысты.

Акцияның мақсаты – мемлекеттік Туды насихаттап, қазақстандық жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту.

Жасампаз жастарды жарастырған дөңгелек үстел

Қазан айының 24-жұлдызында "Сырдария" университетінің виртуалды кітапханасында "Білім беру технологиялары" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Файзиев Нұржанның ұйымдастыруымен "Болашақ педагогтардың жаңартылған білім беру мазмұнына креативті көзқарасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

"ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАСТАР «Оңтүстік» телеарнасында

Әрбір Қазақстан азаматы Жолдаудың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін түсінуі керек. Осы орайда, Жетісай қаласында орналасқан "Сырдария" универсиететі жоғарғы оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып "Жолдау – 2019 – қоғамдық жаңғыру мен өркендеудің жаңа кезеңі" атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізді. Ондағы мақсат - ғалымдар мен жастар арасында сындарлы пікір алаңын ұйымдастырып, ашық диалогтар жасау болды. .

"ЖОЛДАУ 2019 – ҚОҒАМДЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ӨРКЕНДЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ" АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2019 жылдың 18 қазанында Оңтүстік өңірінің білім ордасы, отау тіккеніне 20 жылдан асқан "Сырдария" университеті ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып ҚР Президенті "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауын халыққа жеткізу мақсатында "Жолдау 2019 – қоғамдық жаңғыру мен өркендеудің жаңа кезеңі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Негізгі мақсаты – әрбір қазақстан азаматына жолдаудың мәнісін жете түсіндіріп, отанымызды өркендету жолындағы алар маңызына зер салу.

Инклюзивті психологиялық қолдау кабинеті жұмыс жасауда

Қазіргі таңда барлық әлемде білім алушыларды педагогикалық қолдау мен бейімдеу олардың білім алу қажеттіліктері мен сұраныстары, жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын "барлығы үшін бір білім беру жүйесі" немесе инклюзивті білім беру мәселесі қолға алынуда. Инклюзивті білім беру - ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Ал оның басты мақсаты: адамның жыныстық ерекшелігіне, діни нанымына, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Профессор-оқытушылар біліктілігін арттырды

Алматы қаласында орналасқан Білім беру және ақпараттық инновациялық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылыдың 16 – 28 қыркүйек және 30 қыркүйек – 12 қазан күндері аралығында "Инклюзивті білім берудегі жаңа оқыту технологиялары" тақырыбында "Сырдария" университетінің 60 профессор-оқытушысы біліктілігін арттырды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қол жетімділік деңгейіндегі іс-шаралар жоспары.

Қырғыз мемлекеттік университетінде біліктіліктерін арттырып келді

"Сырдария" университетінің оқытушылары Қырғыз Республикасы Бішкек қаласында орналасқан И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде 16 қыркүйек – 04 қазан күндері аралығында біліктіліктерін жоғарылатып келді.

Оқиға категориялары