ВАКЦИНАЛАР МЕН ИММУНДАУ: ВАКЦИНАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

7-қазан күні университетте аудандық орталық емханасының жұқпалы аурулар дәрігері Байзакова Калбике Мынбаевна білім алушылармен кездесті.

Кездесу тақырыбы:  "Вакциналар мен иммундау: вакцинация дегеніміз не?" 

Тәрбие  жұмыстары  және  әлеуметтік  мәселелер  жөніндегі проректор Сламбекова З.А. сөзінде университет қабырғасында да, бүкіл Қазақстан да ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, барлық білім алушылардың COVID-19 мәселесіне саналы түрде қарау қажеттілігін айтты.

Ректор гранты

«Сырдария» университетінде ақылы негізінде қабылданған білім алушыларға оқу төлемақысына жеңілдіктер қарастырылған. 

Соның бір жарқын дәлелі 2020-2021 оқу жылында ҰБТ нәтижесі бойынша 100 және одан жоғары балл жинаған 3 студентке Ғылыми кеңес шешімі (29 қыркүйек 2021 жылғы №3 хаттама) негізінде ректор гранты тағайындалды. 

Олар:
1. Сапарбек Дана Бейсенбекқызы 
2. Акбаева Манзура Хакимжанқызы 
3. Оралбек Аяулым Азбекқызы

"Өнеркәсіп көшбасшысы 2021"

Индустрия көшбасшысы 2021 Бағалау бағдарламасы шеңберінде Ұлттық бизнес рейтингінің қорытындысы бойынша «Сырдария» университеті сенімді салық төлеуші номинациясының күміс жүлдегері және Үлгілі салық төлеуші номинациясының қола жүлдегері атанды.
 

Вакциналар мен иммундау: вакцинация дегеніміз не

Білім алушылармен 7 қазан күні сағат 11:00 - де  "Вакциналар мен иммундау: вакцинация дегеніміз не?" атты кездесу өтеді.

Спикер: аудандық орталық  емханасының жұқпалы аурулар дәрігері Байзакова К.М.

Өтетін орны: бас ғимарат, 1-оқу залы.
 

Студенттік кеңес өтті

Әлемнің үздік оқу орталықтарында студенттер университеттің басқару жүйесіне белсене араласады. Бұл әсіресе білім алушыларға әртүрлі салалар туралы құнды ақпарат береді, түрлі мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік жасайды. Бұл үрдіс Syrdariya University-де дәстүрге айналған. 

“Ұстаз аты биік әрі мәңгілік”

2021 жылы 4-қазанда  Сырдария университетінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты іс-шара өтті.
Басқарма төрағасы – ректор Бақыт Салманұлы Тоқмұрзаев ұстаздарды құттықтап,білім саласын дамытуға қосқан  зор үлесі мен педагогикалық қызметтегі шығармашылық табыстары мен жоғары біліктіліктері үшін Құрмет грамоталар және алғыс хаттармен марапаттады. 

ҰСТАЗ АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА КҮНІ!

Бұл мерекенің мақсаты – қоғамда музыкалық өнердің насихатталуы және ең бастысы – адамдар, халықтар арасындағы мәдени эстетикалық құндылықтарды түзу. Музыка – жақсы және сұлулыққа тартатын ғажайып құрал. 
Иә, адамның музыкасын өмір сүруін елестетудің өзі қиын. «Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй»деп Абай атамыз айтқандай ән – қанатыңды қатайтып, көңіліңді көтереді. Жүректен шығып, жүрекке жетеді. 

Құттықтаймыз

«Филология» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы  (PhD),  Түркістан облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы аудандық және облыстық тіл мәселелері жөніндегі іс-шараларға белсене қатысып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі мен мерейін арттыру жолында атқарып жүрген еңбегі үшін  Түркістан облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сүлейменұлының арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Тіл жанашырларына көрсетілген құрмет пен ыстық ықыласына ризашылық білдіреміз!

Оқиға категориялары