Елбасы сыныптастары

1 желтоқсан - Тұңғыш президент күніне орай “Елбасы сыныптастары” қоғамдық ұйымының жетекшісі Төлемысова Роза Мәтеқызымен "Сырдария" университетінің Жастармен жұмыс атқару бөлімінің және Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кездесу өтті.

Кездесу барысында елбасымыз жайлы арнайы түсірілген деректі фильм көрсетілімі болып, Роза Мәтеқызы жастардың сұрақтарына өмірлік азық болатындай жауап қайтарды.
Сонымен қатар, елбасымыздың біз білмеген қырларымен таныстық. 

Төлемысова Р.М өзі жазған "Кемеңгер, дана көшбасшы" кітабын университет кітапханасына табыстады. 
Кездесуге арнайы Жетісай аудандық әжелер алқасы мүшелері келіп қатысты.
 

Теги: