Үстел теннисінің жеңімпаздары

«Спорт және өнер» факультетінің ұйымдастыруымен университеттің профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылары арасында Халықаралық студенттер күніне арналған үстел теннисінен турнир өтті.

Турнир мақсаты:
- үстел теннисі спорт түрін білім алушылар арасында дәріптеу;
- жастарды спортқа тәрбиелеу;
- студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Үстел теннис жарысы халықаралық федерациялардың бекіткен ережесіне сәйкес өтілді. 

"Сырдария" университетінің мақтанышы

"Сырдария" университетінің алғашқы жылдарында бізге Қытай, Монғолия мемлекеттерінен қандастарымыз университеттің барлық мамандықтарына көптеп келіп, оқуға түсіп жатты. 
Өзім қызмет істейтін өнер факультеті, музыкалық білім мамандығына 10-ға жуық студенттер оқып, келісім шарт бойынша бір жылдан кейін өзге университеттерге ауысып жатты.

"Білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлық: кім кінәлі және не істеу керек"

«Сырдария» университеті «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Физика, математика және цифрлық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, ғ.магистрі Салихова Гүлжахан «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 1-курс Ет-11 тобының студенттерімен бірге «Білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлық: кім кінәлі және не істеу керек» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағаты: «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

Бүгін, қараша айының 12-жұлдызы күні «Филология және гуманитарлық білім» факультеті, «Ағылшын тілі» кафедрасының 6В01703-«Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша Шт-29 тобының 3-курс студенттері «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

"Күзгі леп" атты шығармашылық сурет байқауы

«Спорт және өнер» факультеті «Өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Күзгі леп» атты шығармашылық сурет байқауы болып өтті.
Байқауға факультетіміздің 6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау, 6В01403- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В02101- Дизайн білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты. 
Мақсатымыз: білім алушылардың қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, әдемілік пен әсемдікке үйрету, ұқыптылық пен тазалыққа баулу.

Тәрбие сағаты «Терроризм адамзаттың қасіреті»

Қазіргі уақытта әлеуметтік қауіптер - лаңкестік пен діни экстремизм дамуда. Осыған байланысты қоғамда пайда болған қауіптер туралы білім алушыларымызға уақытымен ақпарат беру маңызды істердің бірі болып табылады. Білім алушы жастарымыз дәстүрлі емес діни бірлестіктер мен секталардың зияны туралы және балалар мен жасөспірімдер сана-сезіміне тигізетін кері әсері туралы білуі керек.

"Open door day"

Кәсіптік бағдар беру мақсатында университетте "Open door day" өткізілді.

Ашық есік күніне
№6 Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы,
№1 М.Горький мектеп гимназиясы,
№11 "Жеңіс" мектебі,
"Дарын" мектеп- интернатының бітірушілері қатысты.

Шара аясында
"Еркін сөйлесіңіз" атты тренинг жүргізілді.
Тренингтің мақсаты: оқушылардың коммунакативтік қабілеттерін дамыту.

Оқиға категориялары