МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«BILIM-ÓRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам, адал енбек, адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатындағы  «Жаңа Қазақстан - білім беру саласындағы жаңашыл идеялар» атты республикалық  форум өтіп «ҚР Жастар саясатының үздігі» байқауы  бойынша үздік жастарға марапат табысталды. Осы байқауға университетіміздің атынан «Экономика және құқық» кафедрасынан магистр, оқытушы Жасан Гүлсезім Жасанқызы қатысып, екі кезеңінен де озық шығып, 26 сәуір күні Астана қаласында марапаттауға қатысып қайтты. Университетіміздің оқытушысы 1 дәрежелі диплом, статуэтка, төсбелгімен марапатталды. Оқу ордамыздың жас маманына жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз дегіміз келеді. Игі істеріңіз қашанда оңға басуына, әр қадамыңыз қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыз арта беруіне тілектестік ниеттеміз деп алғыс білдіреміз.

Оқиға категориялары