«Педагогикалық зерттеу нәтижелері және олардың негізгі түрлері» ашық сабақ
- 1 view
14.04.2025ж. «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ғ.м. аға оқытушысы Мильдоходжаева Г.С. Педагогикалық зерттеулер пәнінен ФК-24-1к7, ФК-24-1к8, ФК-24-1к9 тобының білім алушыларына «Педагогикалық зерттеу нәтижелері және олардың негізгі түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттерге тақырыптың жоспарлары айтылды және сабақ уақытында негізгі мәселелер талқыланды, одан басқа студенттерге сұрақтар қойылды.
Кафедра мүшелері ашық сабаққа қатысып, оқу процесінде студенттердің белсенді қатысуын бақылап отырды.