Мұқағали Мақатаевты еске алу мақсатында ұйымдастырылған поэзиялық кеш болып өтті.
Мұқағали Мақатаевты еске алу мақсатында ұйымдастырылған поэзиялық кеш болып өтті.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Мен бір жұмбақ адаммын" атты іс-шара өтті
Ақпанның 5-жұлдызында "Сырдария" университетінде "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Мен бір жұмбақ адаммын" атты іс-шара өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жастарды қазақ ақынының әдеби мұрасына баулу, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, дарынды жастарды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруда қолдау көрсету.
Іс-шара барысында "Жетісыр" газетінің редактоты Жаппар Ғаппар, қоғам белсендісі, Абайтанушы З. Ахметов Абай туралы өз ойларын ортаға салды.
Қытайда тіркелген коронавирус инфекциясына байланысты алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары
"Сырдария" университетінде медициналық қызмет қызметкерлері Қытайда тіркелген коронавирус инфекциясына байланысты алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.
Іс-шара барлық студенттерге дәрісханада ұйымдастырылды.
Жетісай аудандық мәдениет үйінде "Арай 2020" байқауы болып өтті
"Сырдария" университетінің "Филология" факультетінің студенті Көпжасар Бағдат жүлделі 2-ші орынмен және Оспан Ұлжан алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Нұрбек Мұратбек.
Кәсіптік практиканың орнықтыру конференциясы өтті
Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының мiндеттi компоненті болып табылатындықтан кез-келген кадр даярлау үдерісі онсыз жүзеге аспайтындығы белгілі. Әрбір болашақ маман өзінің алған теориялық білімін практикада дәлелдеп, базалардағы білікті мамандардың тәжірибелерін азық етуді көздейді. Осыған орай, "Сырдария" университетінде Бітіруші курс студенттерінің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған орнықтыру конференциясы өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласын зерделеуге арналған дөңгелек үстел
Бүгін "Сырдария" университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласын зерделеуге арналған дөңгелек үстел болып өтті.
Профессор-оқытушылар біліктілігін арттырды
"Сырдария" университетінің профессор-оқытушылары "М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыруымен "Заманауи оқыту технологиялары" тақырыбында 06.01 – 17.01.2020ж.мерзімі аралығында біліктіліктерін жоғарылатты.
Бүгінгі әңгіме. "Сырдария" университеті жаңашылдыққа бет бұрды.
"Сырдария" университетiнiң Президентi Серiк Оңалбайұлы "Ońtústik" арнасының "Búgingi áńgime" бағдарламасында қонақта болды.
Толық нұсқасын http://shymkenttv.kz/kz/archive/programs/programs_ruh/angime_oko/1069532 осы сілтемеден қарай аласыздар.
Толық нұсқасын Youtube каналда қарай аласыздар.
2019 жылдың "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"
"Сырдария" университетінің "Жаратылыстану" факультетінің деканы, Философия докторы (РҺD) Абдуразова Перизат Әділбекқызын 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2019" атағының иегері болуымен құттықтаймыз! "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мәртебесі 48 жоғары оқу орнынан 200 оқытушыға берілді. Жалпы байқауға еліміздің 81 жоғары оқу орнынан 471 үміткер қатысқан болатын.