Кәсіби бағдар беру жұмысы

Тәшенев университетінің кәсіби бағдар беру жұмысы Бәйдібек ауданында жалғасуда
Бүгін Тәшенев университетінің кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша жауапты бөлім басшысы Түркістан облысының Бәйдібек ауданына жұмыс сапарымен барды.
М.Әуезов мектебінде Шаян ауылындағы 6 мектептің басшылығымен кездесу өтті. Сонымен қатар, Шақпақ, Кеңес, Ақбастау, Бірлік, Жамбыл, Ортақшыл, Жүзімдік, Майбұлақ, Ақтас, Шалдар, Сарқырама, Ақмешіт, Қызылкөпір және Қазата ауылдық округтерінің мектеп директорларының орынбасарларымен кәсіби бағдар бойынша жиналыс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында университеттің білім беру бағдарламалары, оқу гранттары мен жеңілдіктер туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ аудан бойынша жалпы орта мектептердің оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен бөлек кездесу өтті.
Жақын күндері аудан орталығында Тәшенев университеті туралы ақпараттық LED-экрандар мен баннерлер орналастырылады.
 

Оқиға категориялары