2019 жылдың "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"

"Сырдария" университетінің "Жаратылыстану" факультетінің деканы, Философия докторы (РҺD) Абдуразова Перизат Әділбекқызын 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2019" атағының иегері болуымен құттықтаймыз! "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мәртебесі 48 жоғары оқу орнынан 200 оқытушыға берілді. Жалпы байқауға еліміздің 81 жоғары оқу орнынан 471 үміткер қатысқан болатын.

Бұл грант жоғары оқу орындарының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және біліктілікті арттыру мақсатында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Перизат Әділбекқызын шын жүректен құттықтаймыз! Білім беру жолындағы еңбегіңіз еселеніп, ғылыми ізденісіңіз межелі жетістіктерді бағындыра берсін! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық пен қажырлы күш-жігер тілейміз!