Теолог мамандармен кездесу

2025 жылғы 14 ақпанда сағат 09:30-да Ж.А.Тәшенев университетінің «Экономика және басқару» кафедрасы «Есеп және аудит», «Экономика», «Қаржы», «IT менеджмент» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері үшін «ҚР Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын түсіндіру, діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ұйымдастырып жатқан дөңгелек үстелде түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары шақыртуымызбен келді.

Қорытынды конференциясы

14.02.2025 күні сағат 15-30 да «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ  «Кәсіптік білім және өнер» факультеті  2024-2025 оқу жылының оқу жоспарына сәйкес «Саз және ән» кафедрасының күндізгі оқу түрі бойынша ПиК 23-15к «6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша 2-курста оқитын білім алушылары  27.01.2025 - 07.02.2025жж. аралығында Шымкент қаласы Ә.Молдағұлова атындағы  №29 ЖОББМ  өткен педагогикалық-психологиялық практикасының қорытынды конференциясы өтті.

Жастардың есірткіге тәуелділігінің алдын алу - біздің басты міндетіміз!

Бүгін жатақханада өткен ашық сабақта жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу мәселесін талқыладық. Мұндай тақырыптар тек ақпаратпен шектелмей, өзара диалог пен түсінік қалыптастыруға бағытталуы керек. Біз бұл мәселенің тек жеке адамға емес, бүкіл қоғамға әсер ететінін түсінуіміз қажет.
 Негізгі қағидалар:
Қауіп-қатерлер мен салдары - есірткінің адам денсаулығына, психикасына және өміріне тигізетін зиянды әсерлері туралы.
Құқықтық аспект - есірткімен байланысты заң бұзушылықтардың алдын алу.

Қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу — қоғамдағы маңызды мәселе!

Бүгін жатақханада қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Бұл мәселе біздің қоғамымыз үшін өте өзекті, себебі ерте жүктілік көптеген қыздардың болашағына теріс әсер етіп, олардың оқу мен жұмысқа деген мүмкіндіктерін шектейді.
Сабақ барысында қаралған негізгі мәселелер:
Ерте жүктіліктің салдары – денсаулыққа, білім алу мүмкіндіктеріне және әлеуметтік тұрмысқа әсері.
Жүктілікке дайындық – денсаулық пен психологиялық дайындықтың маңызы.

Халықаралық кітап сыйлау күні

Кітапты сүйіп оқитындар үшін 14 ақпан - 2012 жылдан бері бүкіл әлем бойынша аталып өтілетін Халықаралық кітап сыйлау күні.
        Халықаралық кітап сыйлау күнінің басты идеясы – қағаз кітап өзекті сыйлық болып қала беретінін және технологиялар ғасырында да өзінің құндылығын жоғалтпайтынын көрсету.
        Осы орайда, Ж.А.Ташенев атындағы университетінің «Ағылшын тілі» кафедрасының Фи24-9к6 тобында «Білім кілті-кітапта» атты кітап сыйлау күніне арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Педагогикалық шеберлікке алғашқы қадамдар!

«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» 6В01702 және «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» 6В01704 ББ 2 курс студенттерінің педагогикалық-психологиялық тәжірибесі  бойынша қорытынды конференция олардың кәсіби дамуындағы маңызды кезең болды.
Конференция барысында студенттер өз есептерін ұсынды, тәжірибелерімен бөлісті және педагогикалық қызметтің маңызды мәселелерін талқылады. Бұл жай ғана қорытынды жасау емес, нағыз мүмкіндік:
Өз жұмысыңды талдап, өсімін көр  
Тәлімгерлер мен құрдастардан кері байланыс алу

Молдабек Құлахмет

Жұмыс тәжірибесі:
Академиялық:  

1969-1970 жж.        Абай атындағы орта мектеп: мұғалім
1970- 1971 жж.         Кеңес Одағы Қарулы күштер қатарында қызмет
1971 – 1972 жж.         «Октябрь» сегіз жылдық мектебі: мұғалім
1972 – 1977 жж.        СПТУ-146: тәрбиеші, оқытушы
1977 – 1994 жж.    Шымкент пединституты: лаборант, аға лаборант, оқытушы, аға оқытушы, доцент,кафедра меңгеруші
1994-1996 жж.    Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ: доцент, кафедра меңгерушісі

Кенжебекова Рабиға Ибрахимовна

Жұмыс тәжірибесі: 59  жыл
Академиялық:  51 жыл
1984 - 1988 жж.     Мектеп мұғалімі
1989 – 1991 жж.    Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі бірінші орынбасары, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
1993 – 1994 жж.     Шымкент педагогикалық институты, «Информатика және математика» кафедрасының лаборанты
1994 – 2008 жж.     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ОҚМУ) им. Ауэзова: математика пәнінің оқытушысы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы

Досбенбетова Анара Шаймахановна

Жұмыс тәжірибесі:
1977-1982 жж.    Ленин атындағы №8 орта мектепте мұғалім
1982-1984 жж.    Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтында комсомол комитетінің хатшысы
2006-2010 жж.    Т.Рысқұлова атындағы №25 орта мектеп-гумназиясының  базасында шағын-кәсiпорын ұйымдастырды.
2011 ж.    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы
2019 ж.    ОҚМПУ -нің педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Оқиға категориялары