Базарбекова Нурипа Нұржанқызы
Академиялық дәрежесі
Орталық Азия Инновациялық Университетінде “Информатика“ білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада (ғылыми -педагогика бағыт) оқытылатын пәндер.
Оқытылатын пәндер:
Java тілі, Қолданбалы бағдарламалау, Мобильді қосымшамаларды жасақтау
Қызмет атауы: оқытушы
Мұсабекова Ботагөз Сәбитқызы
Академиялық дәреже
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада бейінді-педагогикалық бағыт оқытылатын пәндер.
Оқытылатын пәндер
Алгоритмдер және деректер құрылымы, Мамандыққа кіріспе, Деректер қоры, Web-бағдарламалау, Жасанды интеллект негіздері, Есептеуіш жүйені жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Бағдарламалау технологиялары.
Қызметі: оқытушы
Ғылыми-әдістемелік жұмыс: Бағдарламалау саласында 3 ғылыми мақала жарияланған.
Сматұлла Тоғжан Бауыржанқызы
Академиялық дәреже
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада (ғылыми-педагогикалық бағыт) оқытылатын пәндер.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы мен олимпиада жеңімпаздары
«Бастауыш білім және өнер» факультетінің студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы мен олимпиада жеңімпаздары атанды!
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми және практикалық кәсіби міндеттерді өз бетінше шеше алатын білікті мамандарды оқыту мен даярлаудың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың университетте алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын шығармашылық іске асыруға дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді, ғылыми ізденіс әдіснамасын меңгеруге, зерттеу тәжірибесін алуға көмектеседі.
Ғылыми және шығармашыл зиялыларының ХVII форумы
Уфада ТМД елдеріне мүше мемлекеттердің ғылыми және шығармашыл зиялыларының ХVII форумы өтуде.
Форумға Қазақстандық жоғары оқу орындарының проректорлары мен оқытушы профессорлар делегациясы қатысуда.
Делегацияда Ташенев унив-нің Ғылым және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректоры Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы қатысу мәртебесін алды.
Ғылыми-шығармашылық кездесудің негізгі тақырыбы-мәдениеттердің ортақ құндылықтары мен алуан түрлілігі талқыланып, цифрлық трансформация дәуіріндегі ғылым мен білімге арналған арнайы көрме ұсынылды.
Әдістемелік семинар өтті
2024 жылдың 13 қыркүйегінде Жумабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқу-әдістемелік орталығының бастығы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Хамитова Барно Махаматқызының қатысуымен «Силлабусты әзірлеу: силлабустың сапасынан оқыту сапасына» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Семинарға университеттің барлық профессор-оқытушылар құрамы шақырылды. Кездесу барысында силлабус пен жаңартылған білім беру контентін әзірлеу бойынша мәселелер талқыланды.
«Қаржы саясаты» ашық дәріс
12.09.2024ж., сағат 14-30, 304 дәріс аудиториясында «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы С.Б.Аширбаеваның «Қаржыға кіріспе» пәнінен «Қаржы саясаты» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Темирова Ж.Ж., Сапарбаева Э.А., Абдурахманова З.А., «Құқық және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Уйсинбаева К.М. және басқа да кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Конкурс жариялау
Хабарландыру 12.09.2024 ж.
«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет» акционерлік қоғамы факультет декандары мен кафедра меңгерушілерінің бос орындарына конкурс жариялайды.
ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылдың 12 қыркүйегінде Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетте "Силлабусты әзірлеу: силлабустың сапасынан оқыту сапасына" тақырыбында әдістемелік семинар өтіледі. Шақырылған лектор -М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті оқу-әдістемелік орталығының басшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Хамитова Барно Махаматқызы.
Семинарға университеттің барлық профессор-оқытушылар құрамы шақырылады.
Күні мен уақыты: 12.09.2024 ж., сағат 15-00
Өтілетін орны: Алтын Орда ғимараты , 414А дәрісхана
«Жанның түсі» атты шебер-сынып
Ж.А.Тәшенев атындағы университеті «Бастауыш білім және өнер» факультеті, «Өнер және саз» кафедрасы 2024 жылдың 10-қыркүйекінде Шымкент қаласының Металлург мәдениет және демалыс саябағында музыкалық білім білім бағдарламасының бірінші курс студенттерімен креатор,өнертанушы, РһD докторы, кафедраның аға оқытушысы Есенова Ханзада Азимханқызының ұйымдастыруымен «Жанның түсі» атты тақырыпта шебер-сынып өткізілді.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет