Жұмабек Тәшеневтің өмірі мен қызметіне арналған ашық кураторлық сағат
24-2р ФИ тобында Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері, патриот және аумақтық тұтастығының қорғаушысы Жұмабек Тәшеневтің өмірі мен қызметіне арналған ашық кураторлық сағат өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыптары:
Ғылым және коммерцияландыру бөлімі
► About the organization of scientific research work
►Ташенев оқулары: «Білім мен ғылымды дамытудың өзекті трендтері мен перспективалық бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық NEO конференцияның ғылыми мақалалар жинағы. Шымкент, 2023, 1000 бет. 1-ші жартысы, 2-ші жартысы
КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ
ФАКУЛЬТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ: ЖЕҢІС, ЕРІК-ЖІГЕР ЖӘНЕ БІРЛІК!
Ұлт мүддесі үшін аянбай еңбек еткен мемлекет қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің 110 жылдық мерейтойы мен 1 наурыз – Алғыс айту күні аясында Дене шынықтыру және спорт факультетінің ұйымдастыруымен кіші футболдан факультетаралық турнир өтті.
Кәсіптік бағдар жұмысы
М.Әуезов атындағы ОҚУ мен Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде кәсіби бағдар беру жұмыстары өтті.
Университетіміздің студенті – Қазақстан чемпионы!
Жеңіс құтты болсын!
Ж.Ташенов атындағы университетінің студенті Дюсебай Іңкәр – Қазақстан чемпионы!
2025 жылдың 17-22 ақпан аралығында "Дәулет" теннис орталығында өткен Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы қысқы чемпионатында Алматы қаласының атынан сынға түскен ФК 24-1к1 тобының студенті, ҚР спорт шебері Дюсебай Іңкәр үздік өнер көрсетіп, І орын иеленді!
Жеңімпаздың сөзі:
«Оқу сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік әзірлемелердің мазмұны мен құрылымы» семинар
28.02.2025ж. «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогикалық және жаратылыстану» факультеті «Математика және информатика» кафедрасы магистрі, аға оқытушы Катбаева Майра Турганбаевна «Оқу сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік әзірлемелердің мазмұны мен құрылымы» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарға профессор-оқытушылар құрамы мен кафедраға қарасты білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты. Қатысушылардың белсенділік таныта отырып қатысу барысында семинар өз дәрежесінде өтілді.
«ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЙНАСЫ»
Жұмабек Тәшенев атындағы университет Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында ұлттық киімді дәріптеу, насихаттау мақсатында басталған «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты челленджді қолдайды!
Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, халқымыздың бай тарихын, рухани мұрасын, дүниетанымын айшықтайтын мәдени код. Қазақтың зерлі шапаны, оюлы камзолы, қос етек көйлегі – ата-бабамыздың өмір салты мен ұлттық болмысынан сыр шертетін құндылықтар. Ұлттық киімді дәріптеу – ұлттың рухын көтеру, дәстүрді жаңғырту, ұлттық сана-сезімді нығайту деген сөз.
«Алғыс айту – парызым!»
Жұмабек Тәшенев атындағы университетінде «Ж.А.Тәшеневтің 110 жылдығына» арнап «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай 27 ақпан күні “Мектепке дейінгі оқыту және психология” кафедрасының ұйымдастыруымен «Алғыс айту – парызым» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
«Алғыс айту – парызым» атты мерекелік іс-шараның мақсаты – студенттерге алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, олардың өз өміріндегі маңызды адамдар мен жағдайларға деген құрметін арттыру, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік байланыстарды нығайту және мейірімділік, адамгершілік құндылықтарын насихаттау.
1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ: БІРЛІК ПЕН РИЗАШЛЫҚ МЕРЕКЕСІ
Ж.А.Ташенев атындағы университетінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті. Бұл күн – Қазақстан халқы үшін ерекше мәнге ие, өйткені ол татулық пен өзара құрметтің, тарихымызға деген тағзымның белгісі.
Университет қызметкерлері мен студенттері Шымкентті көгалдандыруға үлес қосты
Бүгін Ж.А. Тәшенев атындағы университетінің қызметкерлері мен студенттері оқу орны аумағында шынара ағаштарын отырғызды. Бұл шара «Таза Қазақстан» мемлекеттік бастамасын қолдау және экологиялық сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.