Семинар-тренинг

«Филология» факультеті және «IT, экономика және құқық» факультетіне «Жастарды интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтан, нашақорлықтан еліктеушілік пен құмар ойындарынан сақтау, оларға психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында семинар-тренинг өтті. 

Қатысушылар: әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Битұрсын Ғ.Ш., медициналық қызмет бөлімінің медбикелері Доскараева М.К., Уракова Ш.Б., декандар Мамыт А.А., Наурызбекова А.Е., педагог-психолог Анапьяева С.А.. 
 

Семинар-тренинг

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор жетекшілігімен медициналық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен «Филология» факультеті және «IT, экономика және құқық» факультетіне «Жастарды интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтан, нашақорлықтан еліктеушілік пен құмар ойындарынан сақтау, оларға психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында семинар-тренинг өтеді.

Өтетін орны: Қонаев даңғылы, Бас ғимарат, Конференц зал 
Күні: 03.05.2024 ж. сағат:12:30

 

“ONTUSTIK” телеарнасына сұхбат

Бүгін университетіміздің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын “ONTUSTIK” телеарнасы “Көзқарас” бағдарламасында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясындағы тапсырмаларын орындауға арналған сұхбатқа қатысып, өз пікірін білдірді. Сұхбат барысында проректор Ғ.Битұрсын
Мемлекет басшысы көтерген мәселелердің жоғары оқу орындарында жүйелі түрде іске асып жатқандығын, сонымен қатар нақты талаптарды бекіту керектігін тілге тиек етті.
 

МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«BILIM-ÓRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам, адал енбек, адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатындағы  «Жаңа Қазақстан - білім беру саласындағы жаңашыл идеялар» атты республикалық  форум өтіп «ҚР Жастар саясатының үздігі» байқауы  бойынша үздік жастарға марапат табысталды.

"Үздік команда" аталымының иегері

"Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы бойынша  ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің  арасында  XVI республикалық  пәндік олимпиада Қарағанды қаласында өтті. Олимпиадаға қатысқан Ж.А.Тәшенев атындағы университеттің "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері "Үздік команда" аталымының иегері атанды. Топ жетекшісі: ф ғ к.,доцент Амангелді Алтыбайұлы Мамыт.
Жеңіс құтты болсын!
 

Олимпиада қатысушылар құттықтаймыз!

Сәуірдің 25, 26 күндері М.Әуезов атындағы ОҚУ «Бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім» кафедрасының ұйымдастыруымен, ҚР Ғылым және Жоғары Білім министрлігі бекіткен іс-шаралар шеңберінде 6В01450-Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің «Кәсіптік білім берудегі интеграциялық процестер» тақырыбында болып өткен XVI Республикалық пәндік олимпиадасына Ж.А. Ташенев университетінің аталған мамандық студенттері қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ТАЛАПКЕРЛЕРІ ТАРТЫЛМАҚ

Университетіміздің кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарына орай 2024 жылдың 26 сәуірінде Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын мен ІТ, экономика және құқық факультетінің деканы Альмара Еркінқызы Наурызбекова Тараз қаласына іс-сапарға барды. Университет проректоры “JAMBYL” облыстық телеарнасының “Рауан” таңғы бағдарламасында Жұмабек Тәшенев университеті туралы жалпы ақпарат және жоғары оқу орнының бағыты мен артықшылықтары туралы сұхбат берді.

V Республикалық Халықаралық олимпиада

2024 жылғы 25 сәуір «Экономика және құқық» кафедрасының  «Болашақ экономист» үйірмесінің студенттерімен профессор-оқытушылар құрамы Өскемен қаласындағы" Inscience Asia ғылыми-білім беру орталығында V Республикалық Халықаралық  олимпиадасына  қатысты. 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Киелі жер Отырарға салем айт!
2023-2024 оқу жылының оқу жоспарына сәйкес «Филология» факультетінің «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары  Отырар ауданы мектептерінің түлектері үшін  БББ түрлері бойынша  кәсіби бағдар бағытымен жұмыс жасау мақсатында іс-сапарлар ұйымдастырды. 

Оқиға категориялары