Мектеп бітірушілердің пәнаралық олимпиадасы болып өтті

2018 жылдың 27 сәуірінде "Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі мектеп бітірушілердің аймақтық пәнаралық олимпиадасы болып өтті. Олимпиада дарынды оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін анықтау, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатына орай ұйымдастырылды.

700-ге жуық оқушы қатысқан олимпиада 15 бағыт бойынша жүргізілді. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар "Қазақстан студенттер сарайында" тіркеліп, ашылу салтанатына қатысты. Әр бағыттың шарттарына сәйкес тапсырмаларды орындады.

Сырдария аруы – 2018

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына орай жоспарланып, соның негізінде атқарылып жатқан іс-шаралардың легі алуан түрлі. Соның айқын айғағы университетте өткен ауқымды шаралардың бірегейі – "Сырдария аруы – 2018" атты арулар сайысы.

Оқу орнының көркі ақылына сай бұрымдылар арасында өткен сайыстың мақсаты – арулардың бойындағы нәзіктік, инабаттылық, тәрбиелілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу қасиеттеріндегі даралықты дәріптеп, оны әйел даналығына жалғастыра түсу.

Үздік студент – 2018

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына орай "Үздік студент" байқауы болып өтті.
СМАМБ маманы А.С Азизбекова және "Жас Отан" жастар қанатының белсенділері студенттері Б.А. Нармуратов, Б.А.Орынбасар бастамасымен қолға алынған іс-шара жоғары деңгейде көрініс тапты. Университет мамандықтарында тәлім алып жатқан білімді өрендерді анықтау, олардың қызығушылықтары мен қоғамдық белсенділіктерін ояту мақсатында іске асқан байқау бес кезең бойынша орын алды:

Спортшылар "Студенттік лига" жеңімпазы атанды

2018 Мақтарал ауданының "Жастар ресурстық орталығы" Мақтарал ауданына 90 жыл толуына және Астана қаласының 20 жылдығына орай жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырған "Студенттік лига" жарысында спорттың волейбол, кіші футбол түрінен "Сырдария" университеті жүлделі І орынды иеленді.

Жеңімпаз спортшыларды абыройлы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дүниежүзілік кітап күні

Сәуір айының 23 жұлдызында Дүниежүзілік кітап күніне орай "Кітап – білім бұлағы" атты мерекелік іс-шара болып өтті. Кітапхана бөлімі ұйымдастырған атаулы мерекеге студенттер белсене қатысты. Мерекелік кеште кітап қорын жинақтайтын кітапханалар әлемі жөнінде презентация жасалды, жас ізденушілер поэзия әлемінен жыр өрнектерін оқып, ән-жырмен атаулы күннің мәні мен сәнін үйлестіре түсті.

"Мамандығым - мақтанышым"

Сәуір айының 20 жұлдызында Жетісай қаласындағы жалпы білім беретін мектеп мекемелеріндегі 9, 11 сынып оқушылары және олардың ата-аналарының қатысуымен "Мамандығым – мақтанышым" атты сұхбат кеші болып өтті.

Білімге құштар жастар – болашақтың тірегі

Сәуір айының 12 жұлдызында "Білімге құштар жастар – болашақтың тірегі" атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық мәжілісі болып өтті. Он жеті бағыт бойынша өткен ғылыми басқосуда студенттердің үздік ғылыми баяндамалары тыңдалды.

Конференция бағдарламасына сәйкес мамандық студенттерінің ғылыми баяндамалары 1-10 сәуір аралығында кафедра жанында тыңдалып, ғылыми дәлелі айқын, жаңашылдыққа жақын жазбалар бірінші, екінші және үшінші орынға лайықтарын анықталды.

"Жас Отан" жастар қанатының IV Съезі

Бүгін университет студенттеріне Астанада өткен "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының кезекті IV Съезі онлайн арқылы көрсетілді. Съезге оқу орнынан "Елбасы серіктестері" ұйымының төрағасы, "Жас Отан" жастар қанатының белді мүшесі М.Бектеміс қатысты.

Саясаттану пәнінен өткен сайыс

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының негізгі идеяларын студенттер арасында насихаттау және "Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына орай "Саясаттану пәнінің лидерлері" атты факультетаралық зияткерлік сайысы өтті. "Отан және шетел тарихы" кафедарасының аға оқытушысы, ғылым магистрі А.Азизбекова ұйымдастырған зияткерлік сайыста факультет студенттерінен құралған топтар 6 кезеңнің тапсырмасын орындады.

Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз!

Жылда асыға күтетін Ұлыстың Ұлы күні – жайма шуақ Наурыз биыл да табалдырығымыздан аттады. Ежелден келе жатқан бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі, ол әрбір қазақстандық үшін қымбат. Қоғамда бейбітшілікті, келісімді, достықты нығайтуда ерекше рөл атқаратын Наурыз мерекесі "Сырдария" университетінде айрықша сән-салтанатпен тойланды.