"Дизайн" кафедрасы

Кафедра туралы

«Дизайн» кафедрасы 2020 жылы «Музыкалық білім» кафедрасы мен «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедраларының бірігуі негізінде қайта құрылды. «Музыкалық білім» кафедрасы алғаш 1996 жылы құрылды. Кафедраны ҚР мәдениет қайраткері Бөрі Иса басқарды. 

"Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары" факультеті

Факультет тарихы

2023 жылдан бастап «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті болып өзгертілді. Факультетке қарасты 4 кафедра бар. 

2003 жылы “Өнер” факультеті болып құрылды. Оның құрамында “Педагогика”, “Музыкалық білім” және “Бейнелеу өнері және сызу” кафдрасы болды.

"Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасы

Кафедра туралы

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасы университет құрылған алғашқы 2022 жылдан бастап жұмыс істейді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 6В06101 – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", 
6В06102 – "Ақпараттық жүйелер" және 6В06112 – "Информатика" бакалавриаттарының келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады.

"Математика және информатика" кафедрасы

Біз туралы

«Физика, математика және цифрлық технологиялар» кафедрасы 1998 жылы ұйымдастырылды. Қазір әлемді жылдам өзгертетін ғылыми-техникалық прогресс бұрынғыдан да көп. Физика - бұл прогрестің іргелі негіздерінің бірі. Әлемде мыңдаған ғалымдар осы бағытта жұмыс істейді және біз олардың қатарында бола отырып, ілгерілеуге тырысамыз! Біз өз үлесімізді қосамыз және сіздің нақты ғылымға қол тигізуге және, әрине, оның бір бөлігі болуға мүмкіндігіңіз бар! Бізбен бірге сіз тек физикадан ғана емес, математикадан да білім аласыз!

"Экономика және құқық" факультеті

Факультет туралы

“Сырдария” университетінің 2022 жылы Шымкент қаласына көшіп, Ж.А. Тәшенев атындағы университеті  болып өзгергеннен кейін “IT, экономика және құқық” факультеті құрылды. Факультетті физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Бесбаев Г.А.,және  ғылым магистрі Оразов Б.Д. басқарды. 2024 жылдың наурыз айынан бастап факультет деканы  э.ғ.к. Наурызбекова А.Е. Факультет құрамында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Экономика және құқық» кафедралары бар.

"Ағылшын тілі" кафедрасы

Кафедраның миссиясы және мақсаты

Кафедраның миссиясы: Қоғам мен еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыру үшін шетел тілді білім беру аясында болашақ мамандарға лайықты білім беру
Сапа саласындағы саясат пен мақсаттар.
Кафедра білім берудің заманауи үрдістеріне сай инновациялық технологияларды, оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін белсенді түрде қолданып, білім алушылардың әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруды қолдайды.

"Тарих және география" кафедрасы

Кафедра туралы

 «Тарих және география» кафедрасы - университетіміздегі алғашқы кафедралардың бірі. Ол білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды: «Тарих», «География», «География-Тарих». Біздің түлектеріміз білім саласында сұранысқа ие құзыретті тарихшылар мен географтарға айналады.

"Ағылшын тілі" кафедрасы

Біз туралы
«Ағылшын тілі» кафедрасы 1998 жылы қыркүйекте құрылды. Біз ағылшын және француз тілдерінен, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдер дайындаймыз. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра «Екі шет тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерді дайындауда.

Оқиға категориялары