Абишова Сандуғаш Рысдаулетқызы
Мамандығы: Биология
Тобы: Био-12
Бүгін біз белгілі бір мамандық иесі атанып, өмір жолына енді ғана қадам басқалы отырған біздер осы уақытқа дейінге білім беріп, тәрбиелеген ұстаздарымыздың сенімін ақтаймыз деген үміттемін. Барлығымыз сіздер сияқты білікті маман болатындығымызға сенемін.
Университетіміз көркейіп, биік белестердеп көріне беруіне тілектеспіз!
Абенов Бектемір Мұхаммедұлы
Мамандығы: Биология
Тобы: Био-12жғ
Еліміздің болашағы – мына біздердің түлектердің қолында. Сондықтан да қай кездеде терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуыңызға ізгі тілегімді арнаймын.
Қадірменді ұстаздар қауымы сіздермен қимастықпен қоштасып тұрып, әлі де талай өрендерді білім нәрімен сусындатып, қанат қақтыра берулеріңізге тілектеспін!
Азимова Зарина Темуровна
Мамандығы: Химия
Тобы: Хим-12
Құрметті «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары және ұлағатты ұстаздар. Сіздердің берген тәлім-тәрбиелеріңіздің арқасында біз жоғары саналы, білімді маман болып қалыптастық.
Ұлағатты ұстаздар шәкірттеріңізге білім нәрін шашудар шаршамаңыздар.
Сіздерге зор деңсаулық, қажымас қайрат тілеймін!
Нурахова Ақмарал Мухамедқызы
Мамандығы: Педагогика және психология
Тобы: ПжП-12
Сансыз ұйқысыз түндерді өткізген студенттік күндерім. Балауса да болғын сәттер осы университет қабырғасында өтті.
Бұл университетке деген алғысым өте зор.
Университет биік шыңға оқытушылар үлкен белеске көтеріле берсін демекпін!
Сейдазім Айжан Бақытхожақызы
Мамандығы: Химия
Тобы: Хим-12
Құрметті университет ұжымы, университет басшылығы және студенттер қауылы!
Ұстазы жақсының ұстаныма жақсы деген сөз текке айтылмаса керек.
Осындай мұғалімдердің арқасында мен 2012-2016 жылдар аралығында университетте оқумен қатар, жеке өмір сабақтары мен мол тәжірибе алдым.
Юсупова Азизахон Фарходкизи
Мамандығы: Химия
Тобы: Хим-12
Құрметті университет басшылары, аяулы ұстаздар!
Сіздерге шын жүрегімнен өз алғысымды білдіремін!
Өткен жылдар аралығымды берген терең білімдеріңіз шексіз құрметке лайық!
Мен университетте үлкен өмір мектебін алдым, ол маған жұмыста да, шын мәнінде де өмірде пайдалы болады.
Білімді ұрпақтарыңызды жетістіктері арқылы беделдеріңіз өсе берсін!
Сіздермен, университетімізбен әрқашанда мақтанамын!
Ағатай Айша Бехқалиқызы
Мамандығы: Бейнелеу өнері және сызу
Тобы: Бөс-12
Мен «Сырдария» университетінің оқытушыларына өз алғысымды білдіремін. Осы оқу орнынан оқытушылармен білікті маман, құрметті оқытушылар ретінде құрмет тұтамын.
Бүгінгі күнде осы бітіріп отырған «Сырдария» университетіне мақсатты биік шыңдарға жете беруіне тілектімпін. Білімді жоғарлатқаны үшін оқу орнына мың алғыс.
Ташова Қызжан Темиртайқызы
Мамандығы: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тобы: БПӘ-22
Өмірдің асығыстығында шек жоқ. Кеше ғана ауылдан келген қарапайым бала едік. Бүгін дайын маман болып отырмыз. Бұл әрине бізге білім берген «Сырдария» университеті мен оқытушылардың берген еңбегінің нәтижесі. Бәріне тілегім, еліміз тыныш, аспанымыз ашық, біліміміз баянды, еңбегіміз жемісті болсын дегім келеді.
Молдахмет Архад
Мамандығы: «Тарих»
Тобы: Тар-12
Студенттік өмір мен үшін қызықты да қасиетті өмір болды. Ішкі талқұлар, нәзік сезімдер, балаң жүректер осы жылдар арасында көрініс берді емес пе? Иә, білім алумен қатар, білікті маман иесі болуға лайық болып отырмыз. Қасиетті «Сырдария» университетіне тілегім – табыстың тауында, бақыттың бағында, білімнің биігінде көріне берсін!
Лесбай Ұлжан Әлібекқызы
Мамандығы: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тобы: БПӘ-12
«Сырдария» университеті бізді төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып, жақсы тәрбие берді, өсірді. Әрине, біздің университетке деген алғысымыз шексіз.
Өйткені шағын қаланың ішінде тұрса де білікті мамандары мен оқу-өндірістік базасы бар оқу ордасын шағын қаладан кездестіре алмаймыз. Тілегім, қанаттарыңыз талмасын, шабыттарыңыз самғасын!