2021 ЖАҢА ЖЫЛЫЗБЕН!
- 1 view
Құрметті әріптестер! Құрметті студенттер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Кіріп келе жатқан жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке, ырыс алып келсін!
2020 жыл ұжым мүшелері мен студенттер үшін табысты жыл болды, сандық және инновациялық технологияларды кеңінен қолданып, жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосып, заманауи әдістер мен қашықтықтан оқыту форматын енгізіп, айтарлықтай жетістіктерге жетті!
Одан өзге университетте Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Ұлы Абайдың 175 жылдығы кең көлемде атап өтілді.
Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген «Сырдария» университетінің ұжымы үшін Жаңа жыл зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болғай!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман, ауыз біршілігіміз берік, жарқын болашаққа деген сеніміміз нық болсын!
Құрметпен,
«Сырдария» университетінің ректоры,
т.ғ.к., доцент С.Д.Мамраймов
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет