"NIGHT PARTY" кеші өтті

Қазан айының 10-жұлдызында "Сырдария" университетінің Студенттер үйінде "NIGHT PARTY" атты көңілді кеш өтті. Кештің мақсаты – студенттерді тапқырлыққа, белсенділікке, жан-жақтылыққа тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылықтарын ояту. Аталған шараны Students Union орталығы ұйымдастырды.

Концерт барысында "Тәтті ару", "Қалайда", "Түнгі лирика", "Менімен биле", "Жүрегім дүрсілде" әндері шырқалып, университет студенттерінен құралған Оргинал және Тристар триосы мен "Серілер" би тобы өнер көрсетті.

Әр адамның жадында ерекше естеліктермен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны хақ. Сәні мен салтанаты, міні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері –студенттердің әр күні мерекедей өтіп жүр.