"Экономика және құқық" факультеті

Наурызбекова Альмара Еркиновна

"Экономика және құқық" факультетінің деканы

экономика ғылымдарының кандидаты 

✆ Телефон: +7 778 882 44 99

✉ E-mail: f-it-econ@tashenev.edu.kz


Факультеттің құрамында 3 кафедра бар:

  1. "Экономика және құқық" кафедрасы
  2. "Құқық және бизнес" кафедрасы
  3. "Тарих және география" кафедрасы
Факультет туралы

“Сырдария” университетінің 2022 жылы Шымкент қаласына көшіп, Ж.А. Тәшенев атындағы университеті  болып өзгергеннен кейін “IT, экономика және құқық” факультеті құрылды. Факультетті физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Бесбаев Г.А.,және  ғылым магистрі Оразов Б.Д. басқарды. 2024 жылдың наурыз айынан бастап факультет деканы  э.ғ.к. Наурызбекова А.Е. Факультет құрамында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Экономика және құқық» кафедралары бар. Факультетте 40 штаттық оқытушы және 8 штаттан тыс оқытушы жұмыс істейді: ғылым докторы – 2, ғылым кандидаты, доцент – 17, PhD докторы – 1, ғылым магистрі – 22, аға оқытушы – 14.
  Факультеттегі оқу процесі жаңа білім беру жүйесі бойынша кредиттік технологияға негізделіп жүргізіледі. Факультеттің материалдық-техникалық базасы мен мамандардың әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келеді. Факультетте барлығы 827 студент, 1 курс – 97, 2 курс – 287, 3 курс – 246, 4 курс – 201 студент оқиды.
  Факультетте білім алып жатқан студенттің заманауи маман болып қалыптасуына университетте барлық жағдай жасалған. Студенттер арасында 2 білім грантының иегері бар.

Барлық кабинеттер соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар және техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда оқытушылардың жетекшілігімен студенттер ғылыми жаңалықтарды өндірістік негізде енгізу жолдарын қарастырады. Факультеттің қарамағында оқу дәрісханалар, заманауи жабдықтармен, аспаптармен және демонстрациялық материалдармен, техникалық оқу құралдарымен жабдықталған зертханалар бар.
Факультет студенттеріне оқу ғимаратында орналасқан компьютерлік сыныптарға тегін кіруге мүмкіндік бар. Компьютерлік сыныптар заманауи компьютерлік техникамен, оның ішінде мультимедиялық проекторлармен, интерактивті тақталармен және жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған, бұл мүмкіндік студенттер мен мұғалімдердің білім беру ресурстарына, оның ішінде республикалық кітапханаға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Университеттер қауымдастығы (www.rmebrk.kz), сондай-ақ Thomson Routers және Oxford University Press халықаралық кітапханаларына.

Білім беру бағдарламалар

Факультетке қатысты білім беру бағдарламаларының тізімі
Бакалавриат:
1. 6В06101 – «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету»
2. 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер»
3. 6В06112 – «Информатика»
4. 6В04101 – «Бухгалтерлік есеп және аудит»
5. 6В04102 - «Қаржы»
6. 6В04103 - «Экономика»
7. 6В04104 - «IТ менеджмент»
8. 6B04201 - «Құқықтану»
9. 6В04202 – «Бизнес және құқық»
10. 6В04203 – «Басқарушылық және шаруашылық қызметті құқықтық реттеу»
Магистратура:
• 7М04101 - «Экономика» 

Презентация 6В04106 - Деловое администрирование 

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Факультет оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Мәселен, ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Студенттер үшін «Фемида», «Жас экономист», «Web Bagdarlamalau», «Java Platform» арнайы клубтары ашық, оларда қосымша теориялық, практикалық және зертханалық сабақтар өткізіледі.
Факультеттегі оқу процесі мына негіздер бойынша ұйымдастырылады:
• жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік стандарттары;
• оқыту бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары;
• оқытылатын пәндер бойынша типтік оқу жоспарлары;
• жұмыс оқу жоспарлары.
Осы нормативтік құжаттар негізінде оқытылатын пәндердің силлабустары құрастырылған. Барлық оқытылатын пәндер, дәрістер, практикалық, зертханалық және семинар сабақтары оқу-әдістемелік құжаттармен толық қамтамасыз етілген: пәннің силлабустары, семинар сабақтарының тақырыптық жоспарлары; зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар мен оқу құралдары; курстық жұмыстың тақырыптары; оқу және практикалық оқыту бағдарламалары; пәндердің сынақ және бақылау сұрақтары және оқу процесіне қажетті басқа да материалдар.
Әлеуметтік шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Сілтемелер

ВИДЕО МАТЕРИАЛДАР. МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

1. «IT, экономика және құқық» факультеті туралы https://www.instagram.com/ief_tashenev?igsh=ZDkzb3Z0ajQybjY%3D&utm_source=qr

2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаменті туралы https://www.instagram.com/reel/C5oARgMIXRn/?igsh=cm5lb2h0ZTFrOHE3

3. Экономика және құқық кафедрасы туралы https://www.instagram.com/reel/C6EDzlGor3O/?igsh=MmEyYWFtY2VvZncwhttps://www.tiktok.com/@ief_tashenev?_t=8ljqwIdpQxx&_r=1

 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары