Жетісай қаласында праймеризге үміткерлермен кездесу өтті

Бүгін «Сырдария» университетінде «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының кеңесшісі  Тулеков Жанибек Қошанұлы праймеризге үміткер азаматтармен кездесу өткізді.

Жетісай ауданы бойынша тіркелген 85 үміткердің 2-і парламентке, 11-і облыстық мәслихатқа үміткер болса, ал қалған 72 азамат аудандық мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тіркелген.

Үміткерлердің дебатқа қатысушылар тобын анықтау мақсатында және кездесу ұйымдастыру кестесін жүргізу бойынша жеребе тасталып, жұмыс барысы нақтыланды.

Сонымен қатар үміткерлердің үгіт-насихат жүргізу кезеңі, дебат өткізу, сайлау форматы (мобильді және дәстүрлі), бұқаралық ақпарат құралдарында бағдарламаларды жариялау талаптары, үгіт-насихат жүргізу мен санитарлық талаптарды сақтау жөнінде толық мәлімет берілді.

Сөз соңында ұйымдастырушылар үміткерлердің сұрақтарына жауап беріп, кездесуді қорытындылады.

Оқиға категориялары